05.09.2016, 21:23 5256

Н.Назарбаев: Қазақстанныӊ G-20 саммитіне қатысуы үлкен мәртебе

Мемлекет басшысы отандық БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында G-20 саммитіне өзініӊ екінші рет қатысып отырғанын және биыл ҚХР төрағасы Си Цзиньпинніӊ шақыруымен келгенін айтты.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына сапарыныӊ қорытындысына арналған брифинг өткізді, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы отандық БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында G-20 саммитіне өзініӊ екінші рет қатысып отырғанын және биыл ҚХР төрағасы Си Цзиньпинніӊ шақыруымен келгенін айтты.

"Жер шары тұрғандарыныӊ 70 пайызын және әлемдік экономиканыӊ жартысын құрайтын мемлекеттердіӊ басшылары бас қосатын осындай ірі іс-шараға қатысу - Қазақстан үшін зор мәртебе. Мұнда жаһандық экономика мен саясаттыӊ салмақты мәселелері талқыланады, ірі өӊірлік және әлемдік мәселелер, соныӊ ішінде қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша ортақ ұстанымдар әзірленеді. Бірінші сессияда сөз сөйлеген кезде мен осы барлық мәселелер жөніндегі Қазақстанныӊ көзқарасын ұсындым. Саммиттегі пікірсайыс барысында ғаламныӊ тынысын сезініп, әлемніӊ дамыған және дамушы елдерін алаӊдатқан проблемаларын ұғынасыӊ. Қазақстанға да осында көтерілген мәселелерді ескеріп, онымен алдын ала айналысуы керек", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі күрделі кезеӊде Қазақстанныӊ индустрияландыру және инвестициялар тарту бағытында уақтылы күш-жігер жұмсағанын айтып, оныӊ қайтарымды болатынына сенім білдірді.

"Қазір жұмыссыздықтыӊ төменгі деӊгейін сақтап, жаӊа жұмыс орындарын ашуды ойластыру қажет, дағдарыспен күрестен экономикалық өсімге қадам басу керек. Біз 9 қыркүйекте өтетін Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында осы туралы айтатын боламыз", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті саммитпен қатар оныӊ ҚХР-ға жұмыс сапары болып өткенін еске салды. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев біздіӊ еліміз көтерген екіжақты қарым-қатынастыӊ барлық мәселесіне Қытай тарапы қызығушылық пен мүдделілік білдіріп отырғанын айтты.

"Біз бұған дейінгі уағдаластықтыӊ барлық мәселесі бойынша, мәселен, Қазақстан аумағында бірлескен заманауи кәсіпорын салуға қатысты келісімге келдік. Бұл тізімге 51 нысан кіреді, бүгінде оныӊ екеуі салынды, жалпы құны 2,5 млрд доллар болатын төрт нысанныӊ құрылысы биыл аяқталады. Бес жылдыӊ ішінде жалпы құны 26 млрд доллар болатын 5 кәсіпорын салу жоспарлануда. Бұдан бөлек, осы жұмысты қолдау үшін компаниялар арасында да, мемлекеттер арасында да бірлескен Қазақстан-Қытай қоры жұмыс істейді. Жібек жолын дамыту қорын да мысалға келтіруге болады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік-коммуникация байланысы екіжақты күн тәртібіндегі басты мәселеніӊ бірі болып қала беретінін айтты.

"Жыл сайын Қазақстан мен Қытай аумағынан өтетін жүк транзиті көлемініӊ артып келе жатқаны байқалуда. Ақтау портын пайдалану айтарлықтай жанданды, осыған дейін олай болмаған еді. Бұл жағдай Қорғас құрғақ портыныӊ, ұзындығы 300 шақырымға жететін Қорғас-Алматы теміржолыныӊ және Батыс Еуропа - Батыс Қытай торабыныӊ құрылысына байланысты болып отыр. Логистикалық орталықтар құрылды. Бұл көлік тораптары өсім нүктесі болып саналады. Сондай-ақ, біз энергетика және технология салаларындағы ынтымақтастық туралы уағдаластық", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев аса ірі кен орны - Қашағанныӊ іске қосылуына байланысты Қазақстан мұнайын жеткізу мүмкіндігі артатынын атап өтті.

"Қазіргі уақытта біз ҚХР-ға 7 млн тоннаға жуық мұнай жеткіземіз, бұл көрсеткішті 20 млн тоннаға дейін арттыруға, сондай-ақ Қазақстаннан Қытайға газ жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Осыныӊ бәрі елдеріміз арасындағы тауар айналымын жаӊа деӊгейге көтеред"і, - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті Қазақстан мен Қытайдыӊ ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимылына егжей-тегжейлі тоқталды.

"Алғаш рет Қытайға азық-түлік бидайын, басқа да дәнді-дақылдарды, асбұршақтар мен майлы дақылдар түрлерін, сондай-ақ ет пен құс жеткізу туралы келісімге келдік. Бұған дейін бізде мұндай болмаған еді. Осылайша, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріміз үшін жол ашылып отыр. Меніӊше, бұл - қуанышты жағдай. Сонымен бірге, Қытай тарапыныӊ тауар мен фитосанитарлық сапа жөнінде қатаӊ талаптары бар. Біздіӊ шаруалар соған дайын болуға тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қол жеткен уағдаластықтардыӊ нақтылануына назар аударып, екі ел үкіметтерініӊ оны іске асыру үшін тиісті жұмыс жүргізу керек екенін атап өтті.

"Жақын арада Мемлекеттік Кеӊестіӊ төрағасы Ли Кэцян Қазақстанға сапармен келеді деп жоспарлануда. Келіссөздер барысында елдеріміз бірлесе шешетін мәселелерді қосымша талқылайтын боламыз", - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев саммит аясында басқа да мемлекеттер мен делегациялар басшыларымен екіжақты жемісті кездесулер өтіп, оныӊ барысында өзара мүдделілік қалыптасқан түрлі мәселелер жөнінде мазмұнды пікір алмасулар болғанын айтты.

Мемлекет басшысы G20 саммиті аясында Жапонияныӊ Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту перспективалары тәрізді екіжақты өзара іс-қимылдыӊ басты бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, екі елдіӊ көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты.

С.Абэ еліміздіӊ ядролық қарусыздану ісіндегі маӊызды еӊбегін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы сапары барысында Нагасакиге келуге шақырды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы G20 саммиті аясында Еуропалық комиссияныӊ төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық байланысты нығайту перспективалары қарастырылды.

Тараптар еліміз бен ЕО арасындағы кеӊейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімніӊ маӊыздылығын атап өтіп, қарым-қатынастыӊ одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы G20 саммиті аясында Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэймен де кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Тереза Мэй елдер арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Д.Кэмеронныӊ Премьер-Министр болған кезінде өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықтыӊ жоғары деӊгейіне қол жеткізілгенін атап өтіп, Т.Мэйді елімізге сапармен келуге шақырды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Канаданыӊ Премьер-Министрі Джастин Трюдомен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықтыӊ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар тәрізді басты бағыттарына қатысты пікір алмасылды.

Бұдан бөлек, халықаралық дамудыӊ көптеген мәселелері бойынша ұстанымныӊ ортақтығы, сондай-ақ түрлі салаларда, соныӊ ішінде ауыл шаруашылығы саласында екіжақты өзара іс-қимылды нығайту үшін зор әлеует бар екені айтылды.

Кездесу соӊында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Трюдоны Астанаға сапармен келуге шақырды.

Қазақстан Президенті G20 саммиті аясында Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен БҰҰ арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ байланыстарды одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы еліміз бен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтыӊ жемісті екенін айтып,Қазақстан ұйымныӊ жаһандық бастамалары мен жобаларын қолдайтынын жеткізді.

Пан Ги Мун елімізбен тиімді серіктестіктіӊ одан әрі нығайып, дами беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Америка Құрама Штаттарыныӊ Президенті Барак Обамамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар бірқатар маӊызды салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдыӊ қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Екі елдіӊ көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Б.Обаманыӊ президенттік билігі кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастық көптеген бағыттар бойынша, соныӊ ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жаӊа деӊгейге көтерілгенін атап өтті.

Б.Обама Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Америка Құрама Штаттары үшін жақын дос және сенімді серіктес екенін айтып, өзініӊ президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де өзара тығыз іс-қимыл жасауға әзір екенін жеткізді.

Кездесу соӊында Қазақстан Президенті АҚШ Президенті Б.Обаманы елімізге сапармен келуге шақырды.

Елбасы "Alibaba Group" директорлар кеӊесініӊ төрағасы Джек Мамен кездесті.

Кездесу барысында компаниямен ынтымақтастықты дамыту және оныӊ Қазақстандағы қызметі аясын кеӊейту перспективалары, соныӊ ішінде электронды коммерция мен төлем жүйелерін интеграциялау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы біздіӊ ел Қытайдағы электронды сауда саласыныӊ үздігі болып саналатын және сол бағытта зор жетістікке жеткен "Alibaba Group" қызметініӊ тәжірибесін зерттеуге мүдделі екенін атап өтті.

- Мен сіздіӊ компаниямен серіктестікті қолдаймын. Біздіӊ ұлттық компаниямыз - "Қазпоштаныӊ" "Alibaba Group" компаниясымен өзара тиімді іс-қимыл жасауға барлық мүмкіндігі бар. Жалпы, сіздердіӊ компанияларыӊыз тәрізді кәсіпорындар әлемдік экономиканыӊ орнықты дамуы мен тұрақтылықтыӊ факторы болып саналады. Илемді саяси фрагментациялау, шекараларды жабу және өзара санкция салу белеӊ алған қазіргідей жағдайда сіздер бұл кедергілерді табысты еӊсеріп, халықаралық сауданыӊ дамуына ықпал етіп отырсыздар, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Д.Ма Қазақстанда компанияныӊ бастамаларына қолдау көрсетіліп отырғаны үшін алғыс айтып, алдағы кезеӊге арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып берді. Сондай-ақ, "Alibaba Group" директорлар кеӊесініӊ төрағасы елімізбен серіктестік қарым-қатынастыӊ одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы G20 саммитінде сөз сөйледі.

Жиналғандарға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитініӊ үмітке толы күрделі кезеӊде өтіп отырғанын атап өтті.

- Илемдік экономиканыӊ, сауда мен капитал қозғалысыныӊ өсу қарқыны баяулап келеді. Ол миллиондаған адамныӊ әл-ауқатына әсер етеді. Дүниежүзілік сауда ұйымыныӊ рөлі төмендеуіне және әлемдік экономиканыӊ фрагменттелуіне алып келетін трансқұрылықтық жаӊа сауда-инвестиция бірлестіктері құрылуда. Бұл үдерістер жаһандық экономикадағы ықпал аймағы үшін күрестіӊ жаӊа кезеӊініӊ басы болуы мүмкін, - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы жаһандық дамудыӊ бұдан арғы жолы негізінен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтыӊ іс-қимылыныӊ жүйелілігіне байланысты екенін айтты.

Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев экономиканы және қаржыны халықаралық тұрғыдан реттеудегі басты рөлді біртұтас жаһандық ұйым атқаруы тиіс деген пікір білдірді.

- Ондай құрылымды Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Экономикалық және әлеуметтік кеӊесін Жаһандық даму кеӊесіне айналдыру арқылы қалыптастыруға болады. Оған Жаһандық экономикалық реттеуші функциялары жүктелуі керек, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта монетарлық, фискалдық саясатты үйлестіру мен құрылымдық реформалар жүргізудіӊ маӊыздылығын, алайда ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бұл да жеткіліксіз екенін айтты.

- Дамушы елдерді қоса алғанда, бүкіл әлемде айырбас бағамын тұрақтандыруға қатысты неғұрлым тиімді ұсыныстар әзірлеу қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы әлемдік экономиканы жандандыруға бағытталған шара ретінде жаӊа индустриялық революцияға, сандық экономика мен инновацияға сенім артуды ұсынды.

- Мен бұл ұстанымды толық қолдаймын. Ол міндетті тек қана инклюзивтілік принциптері арқылы іске асыра аламыз. G20 мен дамушы мемлекеттер арасындағы диалог орталығын анықтап алу керек. Мәселен, Қазақстанда құрылған және барлық қатысушылар үшін ашық G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаӊын бір нұсқа ретінде қарастыруды ұсынамын. Ол 140 мемлекеттіӊ 30 мыӊнан астам сарапшысыныӊ басын қосып отыр, - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ныӊ орнықты даму мақсаттары мен Париж келісімініӊ және "жасыл экономика" қағидаттарыныӊ іске асуына Қазақстанныӊ белсенді қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

- 2017 жылы Астанада "Болашақтыӊ энергиясы" тақырыбымен өткізілетін "ЭКСПО" халықаралық көрмесі осыған қызмет ететін болады. Сонымен қатар, біз "Астана" халықаралық қаржы орталығын құрып жатырмыз. Барлық мемлекеттерді Астанадағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуға шақырамын. Онда БҰҰ-ныӊ қолдауымен тиісті іс-шаралар өткізуге болар еді, - деді Қазақстан Президенті.

Соӊында Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ осы замандағы мейлінше өзекті проблемаларды шешу жолдарына қатысты ойларын "Илем. ХХІ ғасыр" манифесі арқылы жеткізгенін, сондай-ақ манифест идеяларын іске асыру мен ядролық және жаппай қырып-жоюға арналған өзге де қару түрлерінен азат әлем қалыптастыру бастамасы ұйым тарапынан қолдау табады деп үміттенетінін айтты.

- Терроризмді толық жеӊу үшін G20-ныӊ барлық мүшелері мен басқа да мүдделі елдердіӊ бірлесе күш жұмылдыруы жақсы бастама болар еді. Бүкіл әлем қоғамдастығы осыны күтеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясыныӊ мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманмен кездесті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы серіктестігініӊ бірқатар негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін зор әлеует бар екенін атап өтіп, мемлекетаралық байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Мұхаммед бен Салман өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті G20 саммитіне қатысу аясында бірқатар мемлекет және делегация басшыларымен қысқа келіссөздер өткізді.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясыныӊ Президенті В.Путинмен, Франция Президенті Ф.Олландпен, Германияныӊ Федералды канцлері А.Меркельмен, Корея Республикасыныӊ Президенті Пак Кын Хемен, Оӊтүстік Африка Республикасыныӊ Президенті Д.Зумамен, Мысыр Президенті А.Сисимен, Сенегал Президенті М.Саллмен, сондай-ақ Аргентина Президенті М.Макримен әӊгімелесті.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Испанияныӊ Премьер-Министрі М.Рахой, Италияныӊ Премьер-Министрі М.Ренци, Үндістанныӊ Премьер-Министрі Н.Модимен екіжақты ынтымақтастықтыӊ түрлі мәселелері жөніндегі пікір алмасты.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті халықаралық ұйымдардыӊ басшылары - Еуропалық кеӊестіӊ төрағасы Д.Тускпен, Халықаралық валюта қорыныӊ басқарушы директоры К.Лагардпен, Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеӊестіӊ төрағасы М.Карнимен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ басшысы А.Гурриамен өзара іс-қимылдыӊ кейбір жайттарын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Түркия Республикасыныӊ Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтыӊ кеӊ ауқымды мәселелері қарастырылды. Тараптар өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер, соныӊ ішінде Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы жағдай жөнінде де пікір алмасты.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы жаһандық терроризммен және экстремизммен күресте халықаралық қоғамдастықтыӊ күшін жұмылдырып, іс-қимылды нақты үйлестіру қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны