02.02.2017, 16:43 5332

И. Тасмағамбетов: "ЭКСПО-2017" көрмесі әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандар үшін қолжетімді болуы қажет"

"ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында демеушілік қаражат есебінен Ла Скала театрыныӊ гастролін, "Қытай императоры Цинь Ши Хуандидіӊ терракоттан жасалған әскері мәдени ескерткішініӊ" көрмесін, Мариндік театрыныӊ гастролін, "Пласидо Доминго опералиясы" Халықаралық жас вокалистер байқауыныӊ финалын өткізу, сондай-ақ, Ежелгі Египеттіӊ археологиялық жәдігерлері көрмесін ұйымдастыру жоспарланған.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтыӊ төрағалығымен "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында мәдени бағдарламаны сапалы дайындау және өткізу мәселелері жөнінде кеӊес өтті,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасарыныӊ хатшылығы.

Осыдан бұрын берілген тапсырмаған сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласыныӊ әкімдігі және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ бірлесіп көрме өтетін кезеӊдегі мәдени бағдарламаны жоғары деӊгейде ұйымдастыру мәселелері жөніндегі үйлесімді жұмысты күшейтті. Сонымен қатар, делегаттар мен қонақтардыӊ келуі бойынша ұйымдастырушылық сұрақтар жіті бақылауға алынды.

Осыған орай, кеӊес барысында вице-премьер Астана қаласыныӊ әкімдігі елорданыӊ инженерлік-көліктік инфрақұрылымын егжей-тегжейлі зерделеу қажет екеніне тоқталды. Тарқатып айтсақ, жолдағы жүктемені азайту мақсатында көлік ағымын модельдеу бойынша қолайлы нұсқаларды есептеу, қонақтардыӊ келуі және олардыӊ қауіпсіз орналасуы бойынша ұйымдастырушылық сұрақтарды пысықтау, қонақ үй және басқа да міндеттерге жұмылуы үшін өтетін шараларды барынша қысқартуға басымдық берді. Сондай-ақ, Қазақстанныӊ мәдениет пен спорттағы жетістіктерін таныту мақсатында шетелдік жобаларды азайту және ұлттық брендті насихаттау қажеттігі айтылды.

"Еӊ маӊыздысы, біз міндетті түрде тұрғындардыӊ әлеуметтік аз қамтылған тобына тегін билет тарату мәселесін пысықтауымыз қажет. Олар осынау ауқымды шараға дайындалған көлемді әрі қызықты репертуарды тікелей өздері тамашалап, көру мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Міне, осы сұрақты ерекше бақылауға алуымыз шарт. Исіресе, бұл қаланыӊ және мәдениет министрлігініӊ аясында өтетін шараларда ескерілуі керек", - деді ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов.

Бүгінгі таӊда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласы әкімдігімен және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамымен бірлесіп мәдени-танымдық және спорттық шаралардыӊ кешенді бағдарламасын бекітті.Атап айтқанда, қазақтыӊ дәстүрлі өнерін көрсету, театрлық-бұқаралық шаралар, халықаралық жобалар, көрмелер, спорттық және ағартушылық-тақырыптық шаралар.

Сонымен қатар, осы бағыттағы барлық құрылымдарды тиянақты үйлестіру үшін штаб құрылды. Ол Астана қаласы әкімдігініӊ конвешн бюросы және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамы штабымен тығыз байланыста болады.

Айта кетейік, "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында демеушілік қаражат есебінен Ла Скала театрыныӊ гастролін, "Қытай императоры Цинь Ши Хуандидіӊ терракоттан жасалған әскері мәдени ескерткішініӊ" көрмесін, Мариндік театрыныӊ гастролін, "Пласидо Доминго опералиясы" Халықаралық жас вокалистер байқауыныӊ финалын өткізу, сондай-ақ, Ежелгі Египеттіӊ археологиялық жәдігерлері көрмесін ұйымдастыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны