17.10.2016, 15:09 4729

И.Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеӊес өткізді

Астанада өтетін көрменіӊ маӊыздылығын айта келе, И. Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу тәуелсіз Қазақстанныӊ барлық жетістіктерін және елорданыӊ келбетін паш етуі тиіс екендігін баса айтты

Астана. 17 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша кеӊес өткізді.

Кеӊес жұмысына Астана қаласыныӊ әкімі Исет Исекешев, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасыныӊ бірінші орынбасары Марат Омаров қатысты.

Астанада өтетін көрменіӊ маӊыздылығын айта келе, И. Тасмағамбетов ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру және өткізу тәуелсіз Қазақстанныӊ барлық жетістіктерін және елорданыӊ келбетін паш етуі тиіс екендігін баса айтты. Осыған орай, шараны өткізуге және қонақтарды қабылдауға елорда инфрақұрылымыныӊ дайындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, көрме қонақтары және қатысушыларыныӊ қауіпсіздігі, олардыӊ қызықты әрі барынша жайлы орналасуы үшін бүкіл шаралар қабылдануы қажет.

"Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын сапалы орындау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігіне Астана қаласыныӊ әкімдігімен және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ бірлесіп көрме өтетін кезеӊдегі мәдени бағдарламаны ұйымдастыру мәселелері жөніндегі үйлесімді жұмысты күшейту қажет. Сонымен қатар, делегаттар мен қонақтардыӊ келуі бойынша ұйымдастырушылық сұрақтардыӊ орындалуын қамтамасыз ету маӊызды", - деп ерекше атап өтті И. Тасмағамбетов.

Еске сала кетейік, бүгінгі таӊда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласыныӊ әкімдігімен, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ бірлесіп арнайы кешенді бағдарлама әзірледі. Ол әртүрлі жанрлық бағыттағы мәдени іс-шаралар өткізуді қарастырады. Атап айтқанда, қазақтыӊ дәстүрлі өнерін көрсету, театрлық-бұқаралық шаралар, халықаралық жобалар, көрмелер, спорттық және ағартушылық-тақырыптық шаралар.

Вице-премьер атап көрсеткендей, қалалық құрылымдар алдында жоғары деӊгейде қызмет көрсету мәселесі тұр. Ұйымдастыру жұмысы аясында ЭКСПО көрмесі нысандарыныӊ, жалпы Астана қаласындағы көліктік инфрақұрылымныӊ қалыпты қызметі мәселесі байыппен шешуді қажет етеді. Көлік-логистикалық жүйені жетілдіру, қоғамдық көліктіӊ бағдарлық желісін оӊтайландыру, көлік ағымын басқарудыӊ жаӊа жүйесін енгізу жұмысына ерекше көӊіл бөлінуі қажет.

Бұл орайда, кеӊес барысында вице-премьер бірқатар тапсырмалар берді. Астана қаласыныӊ әкіміне жұмыс штабымен бірлесіп елорданыӊ инженерлік-көліктік инфрақұрылымын егжей-тегжейлі зерделеу тапсырылды. Дәлірек айтқанда, жолдағы жүктемені азайту мақсатында көлік ағымын модельдеу бойынша қолайлы нұсқаларды есептеу, қонақтардыӊ келу және олардыӊ қауіпсіз орналасуы бойынша ұйымдастырушылық сұрақтарды пысықтау, сондай-ақ, мәдени-бұқаралық іс-шаралардыӊ жоғары деӊгейде өтуін қамтамасыз ету.

Осындай ауқымды шараны өткізу шағын және орта бизнестіӊ дамуына және жаӊа технологияларды меӊгеруге айрықша серпін беретіні анық. Көрме елорданыӊ инфрақұрылымы мен нысандарыныӊ құрылысына жеке инвестиция тартуға ықпал етеді. ЭКСПО-2017 ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуға оӊ әсер ететін еліміздіӊ туристік тартымдылығын көтеруге бағытталған имидждік жоба.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны