25.01.2017, 20:18 4877

И. Тасмағамбетов: Ғылымды дамытуда болашақта одан қандай қайтарым болатынын білу маӊызды

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төрағалығымен 2017-2020 жылдарға арналған ғылымды дамытудыӊ басым бағыттары жөнінде кеӊес өтті.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төрағалығымен 2017-2020 жылдарға арналған ғылымды дамытудыӊ басым бағыттары жөнінде кеӊес өтті.

Бүгінгі таӊда барлық мелекеттер адамзат қызметініӊ стратегиялық маӊызды саласы ретінде ғылымды дамытуға ерекше көӊіл бөледі. Ол елдіӊ бәсекеге қабылеттілігі мен экономикалық өсімін қамтамасыз ететін негізгі ресурс саналады.

Елдіӊ ғылыми әлеуетін көтеру көптеген факторларға байланысты, оныӊ ішінде ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру да бар. Бұл үрдісті реттейтін құжаттардыӊ бірі - "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊы. Оныӊ аясында үдемелі және коммерциялық тиімді жобалар жүзеге асырылуда.

"Біз қанша жобаны жүзеге асырамыз, нені қаржыландырамыз, ол қанша уақытқа созылады. Мұныӊ барлығын нақты әрі анық түсінуіміз қажет. Еӊ бастысы, одан қандай қайтарым болатынын білуіміз тиіс", - деді кеӊесте Иманғали Тасмағамбетов.

Қаржыландыру көлемі, зерттеудіӊ нәтижелілігі және оны іске асыруқаржыландыру механизмі мен бақылауға тәуелді. Сонымен қатар, ғалым бір мезетте ғылыммен және оныӊ нәтижелерін өнідірске енгізумен сәтті айналыса алмайды. Бұл үшін құзырлы құрылымдар мен мамандар тартылуы керек. Сондай-ақ, ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізуді сынау үшін өндірістік-тәжірибелік база құруды қарастыру маӊызды.

"Соӊғы 20 жылда әлемде біздіӊ технологияларды коммерциялауға жеке инвесторлар 370 миллион доллар қаржы салды. Қазіргі уақытта қазақстандық технология бойынша завод құрылысын салуға 3,5 млрд доллар бөлінді. Жыл сайын 4 миллиард долларды құрайтын таза металл шығарылады. Оныӊ үштен бір бөлігі Қазақстанда, қалғаны шетелде өндіріледі", - деп атап өтті "Қазақстан Республикасыныӊ минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы" РМК бас директоры Ибдірасыл Жарменов.

Қазақстанныӊ ғалымдары мен ғылыми мекемелерініӊ ғылым индустриясыныӊ негізі болудағы әлеуетке жоғары. Бұл үшін ғылым мен өндіріс арасында тығыз байланыс орнатылып, экономиканыӊ нақты секторы ғылыми міндеттерді айқындап отыруы тиіс.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны