22.07.2014, 19:35 3273

И.Тасмағамбетов ЮНЕСКО-ның медалімен марапатталды

Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы қатынасты нығайтудағы қосқан үлесі мен Жібек жолы мұрасын сақтаудағы еңбегі үшін ЮНЕСКО-ның "Жібек жолы" медалімен марапатталды.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы қатынасты нығайтудағы қосқан үлесі мен Жібек жолы мұрасын сақтаудағы еңбегі үшін ЮНЕСКО-ның "Жібек жолы" медалімен марапатталды.

"Осындай маңызды халықаралық форумды өткізу бізге үлкен мәртебе. Алдымен, астаналық үнқатысу алаңын таңдау - бұл ЮНЕСКО-ның Қазақстанға, оның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа деген зор сенімінің айқын көрсеткіші. ЮНЕСКО біздің еліміздің халықаралық бастамаларына үнемі ерекше назар аударуда", - деді И.Тасмағамбетов.

Сонымен қатар елорда әкімі ұзақ жылдар бойы ЮНЕСКО құрылымымен тікелей жұмыс істеп, Қазақстанның ұлттық комиссиясын басқару бақытына ие болғандығын атап өтті.

Икімнің айтуынша, бұл жылдар кәсіби тұрғыда, сонымен бірге әлемнің түрлі елдеріндегі әріптестеріммен жеке қатынаста да ұмытылмас сәттерімен ерекше.

"Сондықтан бүгін осындай беделді халықаралық ұйымның марапатына ие болу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл менің ғана еңбегім емес, ЮНЕСКО миссиясын орындауда білімі мен жанын берген барлық әріптестеріме берілген жоғары баға", - деді әкім.

Икімнің пікірінше, астаналық диалог алаңының таңдау - ЮНЕСКО-ның Қазақстан мен ҚР Президентіне деген жоғары сенімнің көрсеткіші.

Икім ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Бокованың шешімімен марапатталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны