18.07.2014, 19:07 2622

I жартыжылдықта 390 мыңнан астам қазақстандықтың арызы қанағаттандырылды - Бас прокуратура

I жартыжылдықтың жұмыс қорытындысын талқылауға арналған Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы барысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев 6 ай ішінде 390 мыңнан астам қазақстандықтың бұзылған құқықтарының қалпына келтірілгенін айтты.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. I жартыжылдықтың жұмыс қорытындысын талқылауға арналған Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы барысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев 6 ай ішінде 390 мыңнан астам қазақстандықтың бұзылған құқықтарының қалпына келтірілгенін айтты.

"Илеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 269 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтап, тиісті шаралар қаылдады. 12 700 заңсыз құқықтық актілердің күші жойылды. 35 мыңнан астам адам түрлі деңгейдегі жауапкершіліктерге тартылды. 300 қылмыстық іс қозғалды. 390 мыңнан астам азаматтың құқық бұзушылық бойынша арыздары қанағаттандырылды", - дейді А.Дауылбаев.

Оның айутынша, прокуратура органдары тарапынан кәмелеттік жасқа толмаған 122 мыңнан астам адамның құқығы қорғалған.

"2014 жылдың бірінші жартыжылдығында біздің жұымстарымыз бұрынғысынша негізінен елдегі заңға бағыну мен тәртіптің орын алуын қамтамасыз етуге, азаматтардың құқығы мен еркіндігін, мемлекет пен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғауға және Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бағдарламалық құжаттардың сапалы орындалуын бақылауға бағытталды. Шілденің басында Президент Бас прокуратураның барлық тиісті органдардың қатысуымен дайындаған Қылсмыстық және Қылмыстық-процессуалды Кодекстерге қол қойды. Енді осы тәртіптің өз деңгейнде сақталуы біздің атқаратын жұмысымызға байланысты болмақ", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны