22.01.2013, 13:02 2786

ІІ жартыжылдықтың басында "импорт" процедурасы бойынша электрондық декларациялау жүйесі іске қосылады

"2012 жылы "экспорт" процедурасы бойынша электрондық декларациялаудың ақпараттық жүйесі жасалып, 24-28 желтоқсанда сынақтан өткізілген болатын. Қазір ол жоба Қостанай және Қарағанды облыстарында қолданысқа енгізілуде. Ал ІІ жартыжылдықтың басында "импорт" процедурасы бойынша электрондық декларациялау жүйесін іске қосқалы отырмыз. Бұл халықаралық саудамен байланысты шығындарды қысқарту жөніндегі өте маңызды шара болады", - деді Б.Жәмішев.

Астана. 22-қаңтар. Kazakhstan Today - ІІ жартыжылдықтың басында "импорт" процедурасы бойынша электрондық декларациялау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы қаржы министрі Болат Жәмішев ҚР Үкіметінің отырысында мәлім етті.

"2012 жылы "экспорт" процедурасы бойынша электрондық декларациялаудың ақпараттық жүйесі жасалып, 24-28 желтоқсанда сынақтан өткізілген болатын. Қазір ол жоба Қостанай және Қарағанды облыстарында қолданысқа енгізілуде. Ал ІІ жартыжылдықтың басында "импорт" процедурасы бойынша электрондық декларациялау жүйесін іске қосқалы отырмыз. Бұл халықаралық саудамен байланысты шығындарды қысқарту жөніндегі өте маңызды шара болады", - деді Б.Жәмішев.

Министрдің айтуынша, жалпы ел бойынша электрондық декларациялаудың нәтижесі 2014 жылы дайын болады.

Сондай-ақ, Экспорттық-импорттық операциялар бойынша бір терезе құру тұжырымдамасына сәйкес, "Экспорттық-импорттық операциялар бойынша Е-терезе" ықпалдасқан ақпараттық жүйесін жасау және оны қолданысқа енгізу жұмысы жүргізілуде.

"2012 жылы жобаның техника-экономикалық негіздемелері бойынша барлық қажетті түйіндемелер алынды және 2013 жылдың екінші тоқсанында жүйеге қойылатын талаптарды әзірлеу, архитектуралық шешімдерді анықтау, ақпараттық жүйені жасау жұмыстары жоспарлануда. Ал 2013 жылдың төртінші тоқсанында осы жүйеге арналған лицензиялық бағдарламалық қамтулар мен аппараттық-техникалық жабдықтарды сатып алу жоспарлануда", - деді Б.Жәмішев.

Министрдің айтуынша, "Халықаралық сауда" көрсеткіші көптеген мемлекеттік органдардың жұмысына тәуелді, себебі экспорттық-импорттық операциялар бойынша жекелеген тауарлар бойынша 14 мемлекеттік органның рұқсатын алу керек, бұл барлығы 50 шақты бизнес-процесс.

"Электрондық лицензиялау және электрондық рұқсатнамалар алу бойынша, 2013-14 жылдары сыртқы экономикалық қызметке қатысы бар барлық бизнес-үдерістерді ақпараттандыру жоспарлануда. Е-терезе жүйесі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың түрлі лицензиялар мен рұқсаттар алуымен байланысты шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін ықпалдастырушы құралға айналады", деп түйіндеді өз сөзін министр Б.Жәмішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны