04.05.2019, 22:53 13951

ІІМ-нің арнайы мемлекеттік мұрағаты саяси қуғын-сүргін құрбандарының қорларымен таныстырды

ҚР ішкі істер органдарының мұрағаттарында ақталған азаматтардың 123 мыңға жуық ісі, ақталуға жатпайтын адамдарға қатысты 13 мың мұрағаттық қылмыстық іс, сондай-ақ соғыс тұтқындары мен Германиядан репатриацияланған бұрынғы КСРО азаматтарға қатысты 45,8 мың фильтрацияланған және трофейлік материалдар сақталуда.

Нұр-Сұлтан. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Ұлы Отан соғысының жеңісіне, Қазақстан халқының бірлігі және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күндеріне арналған мұрағаттық істердің көрмесін ІІМ-нің арнайы мемлекеттік мұрағаты өткізді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің оқытушылары мен студенттері "Саяси қуғын-сүргіннің ақталған адамдарының қылмыстық істері", "Ақтауға жатпайтын адамдардың қылмыстық істері", "Соғыс тұтқындары мен Германиядан репатриацияланған бұрынғы КСРО азаматтарының фильтрацияланған және трофейлік материалдар", "Қазақстанға жер аударылған түрлі ұлттардың қылмыстық істері", "Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынов, Ораз Жандосов, Бейімбет Майлиннің мұрағаттық қылмыстық істері" материалдарымен танысты.

Көрмеге келушілерге Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындарының жеке заттары мен хаттары көрсетілді.

ҚР ішкі істер органдарының мұрағаттарында ақталған азаматтардың 123 мыңға жуық ісі, ақталуға жатпайтын адамдарға қатысты 13 мың мұрағаттық қылмыстық іс, сондай-ақ соғыс тұтқындары мен Германиядан репатриацияланған бұрынғы КСРО азаматтарға қатысты 45,8 мың фильтрацияланған және трофейлік материалдар сақталуда.

Көрме мақсаты саяси қуғын-сүргіндердің құрбандары туралы естелікті сақтау болып табылады. Ақталған азаматтар, олардың өкілдері, туысқандары тоқтатылған қылмыстық істердің процесууалдық емес сипаттағы материалдарымен танысуы, сондай-ақ осы істерде сақталған қолжазбалар, фотосуреттер мен өзге де жеке құжаттарды алуға құқылы екенін атап өтеміз.

Анықтама: ІІМ-нің сайтында "Мемориал" және "Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары" атты сервистер жұмыс істейді, онда саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы материалдар қойылған. Азаматтардың өтініші бойынша ІІМ-нің мұрағаты заңмен белгіленген тәртіпте анықтама, құжаттардың көшірмесін, құжаттардың үзінді көшірмесін бере алады. Өткен жылы ІІМ-ге азаматтардан, зерттеушілерден, қоғамдық ұйымдардан, музейлер мен мемлекеттік органдардан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы 3 мыңнан астам өтініштер мен сауалхаттар келіп түсті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны