25.12.2006, 18:00 3025

ІІМ 2007-жылдан бастап ұрланған ұялы телефондарды істен шығару жүйесін енгізбек

АСТАНА. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2007-жылдан бастап ұрланған ұялы телефондарды істен шығару жүйесін енгізбек деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз бұл мәселені жуық арада, мүмкін бірінші тоқсанда шешеміз, және де біз бұл проблема жойыла бастады деп айта аламыз",- деп хабарлады Астанада өткен бүгінгі брифингте ІІМ қылмыстық полициясы комитеті төрағасының орынбасары Сұлтан Кусетов. "Бұл проблеманы шешу жолы бар. Ұялы байланыс компаниялары бізге өз көмектерін көрсетіп отыр", - деді ол.

Егер ұрланған телефондарды істен шығару жүйесі енгізілсе, онда қылмыскерлердің телефон ұрлауға деген қызығушылықтары жоғалады дегенге ІІМ қылмыстық полициясы комитетінің төрағасының орынбасары сенеді.

С. Кусетов "Ұялы телефон үйге қайтады" атты республикалық іс-шараны қорытындылай келе, оң көрсеткіштердің бар екендігін атап өтті. "Жасалатын қылмыстар саны үштен бірге дейін азайды. Бұрын ай сайын осы тектес 1900 қылмыс жасалса, қазіргі уақыттағы қылмыстар саны 600-ден сәл асады", - деді ол. Сонымен қатар, полицейлердің сөзіне сүйенсек, осындай қылмыстардың ашылуы да жақсарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны