Система Orphus

ІІМ ақпараттық бейнепорталдың журналисін өлтіру қылмысын әшкерелеу үшін Астанадан Алматыға тергеушілер жіберілді деген ақпаратты жоққа шығарады

27.01.2010, 17:29 855

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - ІІМ ақпараттық бейнепорталдың журналисін өлтіру қылмысын әшкерелеу үшін Астанадан Алматыға тергеушілер жіберілді деген ақпаратты жоққа шығарады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ақпараттық бейнепорталдың журналисін өлтіру қылмысын әшкерелеу үшін Астанадан Алматыға тергеушілер жіберілген жоқ. Қазір Алматы қалалық ІІД-де бұл қылмысты әшкерелеу үшін арнаулы жедел топ құрылды. Қазіргі сәтте тергеу бірнеше жорамалды қарастырып отыр, олар жәбірленушінің кәсіби қызметіне байланысты емес", - деді Қ. Жұманов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда "Стан" атты ақпараттық бейнепорталдың журналисі өлтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1982 жылы туған журналистің пышақ жарақаттары бар мәйіті ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Жетісу ауданындағы бір үйдегі пәтерден табылған.

"Қазір ІІД-де бұл қылмысты әшкерелеу үшін полицияның тәжірибелі қызметкерлерінен арнаулы жедел тергеу тобы құрылды", - делінген хабарламада.

"Иділ сөз" қоғамдық бірлестігінің хабарлауынша, журналист Саят Шүлембаевпен қатар ол бір бөлмесін жалдап алған пәтердің қожайыны да өлтірілген.

Тергеудің ресми жорамалы бойынша, кісі өлтіру оқиғасы журналистің кәсіби қызметіне байланысты емес. Бейнепорталдың басшылығы да бұл жорамалды қолдап отыр. 28 жастағы С. Шүлембаев музыкалық-ойын-сауықтық айдарды жүргізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны