29.01.2009, 18:15 3236

ІІМ алқа мәжілісінде құқық қорғауды қамтамасыз етуде ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды

ІІМ алқа мәжілісінде құқық қорғауды қамтамасыз етуде ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды

Астана. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астана қаласында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің қатысуымен ІІМ-нің кеңейтілген Алқа мәжілісі өтті, онда 2008 жылғы ішкі істер органдарының жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы талқыланып, алдағы кезеңге негізгі бағыттар мен тапсырмалар белгіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің хабарламасына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Б.Мұхаметжанов атап өткендей, ІІМ желісі бойынша тіркелген қылмыс көрсеткіші 1,2 %-ға төмендеген. Қоғамдық орындарда, көшелерде жасалған қылмыстар, сондай-ақ жасөспірімдер мен рецидивті қылмыстар саны азайған. Дегенмен, аса ауыр қылмыстар саны артқан. Тонау және ұрлық көрсеткіші 2,5%-ға артқан.

Бандитизм, ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және оны басқару фактілерінің жолы кесілген. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 55 жетекшісі және 257 қатысушысы жауапкершілікке тартылып, олардан қарулар мен есірткі заттары тәркіленген.

9,5 мың есірткі қылмыстарының жолы кесілген, олардың 4,5 мың фактісі есірткі сату фактісі бойынша анықталған. 320 кг героин тәркіленген, бұл 2007 жылмен салыстыра алғанда 2,5 есеге артық. 50-ден астам есірткі қылмыстарын жасаған 9 қылмыстық топтың жолы кесілді.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 136 мың шетелдіктер тартылған, Қазақстаннан 17 мың адам шығарылған. Шетел азаматтарының еңбегін заңсыз пайдаланғаны үшін 1800 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылған.

15 жылда алғаш рет жолдағы апаттылық көрсеткіші айтарылықтай қысқарған: жол-көлік оқиғаларының және онда зардап шеккен адамдардың саны 14%-ға, сондай көрсеткішке зардап шеккендердің саны да төмендеген. Қаза болғандардың саны 23,2%-ға кеміген.

Премьер-министр К.Мәсімов алқа мәжілісінде Ішкі істер министрлігінің мемлекет басшысы мен үкімет тапсырмаларына сәйкес қылмыспен күрес, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шараларды табысты жүзеге асырып отырғанын атап өтті. Ол мәжіліске қатысушылардың назарын министрліктің алдына қойылған тапсырмаларды онан әрі орындау қажет екеніне аударды.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде балалар қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы күресте, сондай-ақ, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде ішкі істер органдары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны