11.12.2006, 15:42 2827

ІІМ басшысы наразылық шерулерін оң тізгінді автокөлікті әкелушілер бастап жүр деп санайды

АСТАНА. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қазақстанның Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов тізгіні оң жақта орналасқан автокөліктерді әкелу мен пайдалануға тыйым салуға наразылық шерулерін бастаушылар республикаға осы техниканы жеткізушілердің өзі деген пікірде деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін үкіметтің көшпелі отырысында депутаттардың тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді пайдалануға тыйым салу туралы шешімі қоғамды қақ жарды деген пікіріне түсініктеме берген министр : "мұндай машиналарды пайдалану құқығын ешкім шектемейді, ал пайдалануға 2010 жылдың 1 қаңтарында ғана тыйым салынады, осы мерізімге дейін жүре беріңіздер, бірақ мұндай машина иелерін шеруге шақырушылар өз бизнесін жоғалтатын адамдар. Мінеки, мәселе қайда жатыр", - деді министр.

Министр : "Қазақстанда сол жақты қозғалыс болғандықтан, оң тізгінді машиналарға тыйым салу туралы мәселенің бүгін-ертең туындайтынын бәрі білді, сондай-ақ машина сипаттамасы осы жағдайға сәйкес болуы тиіс",- деп атап өтті. "Сондықтан бұл шешім дұрыс және халық оны түсінер деп ойлаймын", - деп қосты Б. Мұхамеджанов.

Сонымен қатар, министр Қазақстанға келіп жатқан оң тізгінді машиналардың сапасына деген күмәнін де жеткізді. Ол елімізде мұндай көліктер санының 117 мыңдай екенін ескерте отырып, "бұл машиналарға 10-15 жыл болған, олар әрине арзан, бірақ олар қауіпсіз деп кім айтты",- деп атап өтті.

Сондай-ақ, Б. Мұхамеджановтың пікірінше тыйым салуды енгізу туралы шешім біраз кеш қабылданған. Ол өз сөзінде: "мүмкін біздің тарапымыздан бұл көзқарас дұрыс емес болар. Оң тізгінді автокөліктерді әкелу мен пайдалануға мұндай машиналардың аз кезінде тыйым салу керек еді", - деді. "Бірақ, біз мұндай автомашиналарды пайдалануға тағы үш жыл береміз, бірақ мен бұл машиналардың әлі үш жыл жарамды болады дегенге күмәнім бар",- деп түйіндеді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны