31.07.2008, 10:24 3144

ІІМ экологиялық заң бұзушылықтармен күрес бөлімшелерінің қызметі мәселелері қаралды

ІІМ экологиялық заң бұзушылықтармен күрес бөлімшелерінің қызметі мәселелері қаралды

Алматы. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігінде вице-министр полиция генерал-майоры Қалмұханбет Қасымовтың төрағалығымен табиғат қорғау заңының бұзылу оқиғаларын анықтау және алдын алу бойынша министрлік қызметтерінің жетекшілері және өңірлік ішкі істер департаменттерінің бастықтарымен селектерлық бейнекеңес өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ сілтеме жасай отырып.

"Табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланумен, браконьерлікпен және биологиялық ресурстардың нысандары мен өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес ішкі істер органдарының өзекті мәселелерінің бірі болып қалып отыр және ол үнемі үкімет бақылауында", - деді Қ. Қасымов.

Жиналыста "Ертіс орманы" мемлекеттік орман резерваты орналасқан Павлодар облысындағы жағдай айрықша дабыл қақтырып отырғаны атап көрсетілді. Аталмыш резерватта орналасқан орман шаруашылықтарында ағаш ұрлауды жасыру мақсатында көбінесе орман қасақана өртеледі. Жыл басынан бері Қазақстанда 520 орман өрті тіркелді. Ол өрттер 80 млн теңгенің шығынын келтірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны