29.01.2007, 14:50 3092

ІІМ есірткі сатушылар туралы шынайы ақпарат берген тұлғаларға материалдық сыйақы тағайындау туралы мәселені қарастыруда

АСТАНА. 29-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріліг есірткі сатушылар туралы шынайы ақпарат берген тұлғаларға материалдық сыйақы тағайындау туралы мәселені қарастыруда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қазақстан Республикасының Есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитеттен хабарлады. 
 
Атап айтқанда, комитеттің ақпараттарына сүйенсек, әңгіме сенім телефоны арқылы берілген хабар туралы болып отыр. "Аталмыш шара кең масштабты және ұзақ мерізімді болмақ, сондай-ақ оны еліміздің оқу орындарында, түнгі клубтар мен жастардың көп шоғырланатын орындарында жарнамалау қарастырылуда",- деп атап көрсетті ҰҚК-де. 
 
Қазіргі уақытта ҰҚК-де және оның барлық аймақтық бөлімшелерінде сенім телефондары жұмыс істеуде, бірақ жүргізілген талдау олардың тиімділігінің аз екендіктерінің куәсі болып отыр.
 

Астана - есірткіден азат қала" атты бағдарлама аясында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша, сұрау жүргізілген астана тұрғындарының 54 пайызы есірткіге қарсы іс-шараға қатысуға қарсы емес. 

     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны