12.05.2008, 15:44 1501

ІІМ халықтан қару-жарақ сатып алуға қосымша 260 млн теңге сұрады

ІІМ халықтан қару-жарақ сатып алуға қосымша 260 млн теңге сұрады

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ІІМ халықтан қару-жарақ сатып алуға республикалық бюджеттен қосымша 260 млн теңге сұрады. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі жағдаймен қару-жарақты өз еркімен беру шарасының аясында комиссиялар қару-жарақ сатып алу жөнінде 5318 шешім қабылдаған. Жалпы төлемдер көлемі 228, 6 млн теңгені құрайды. "Бұл 135 млн теңге көлеміндегі бұған дейін көзделген қаржыдан әлдеқайда артық. Осыған байланысты Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау барысында заңсыз сақталған қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды сатып алуға қосымша 258,6 млн теңге бөлу туралы бюджеттік өтінім жолданды", - деі Б. Қожахметов.

Қазіргі жағдаймен ішкі істер органдарына азаматтардан өз еркімен қару-жарақ тапсыруға 9252 өтініш түскен.

Жалпы алғанда жыл басынан бері 10,5 мың қару, соның ішінде ойындылы - 2449, тегіс оқпанды - 7860, жарақаттағыш - 211 қару тапсырылды, олар криминалистік сараптамадан өтіп, біріккен мәліметтер базасында тексерілуде. Сонымен бірге 110 килограмнан аса жарылғыш зат пен 90 жарылғыш қондырғы тапсырылды.

"ІІМ штабының сараптау тобының мәліметінше, осы шараның арқасында ағымдағы жылы қару қолданып жасалған қылмыстардың саны 27,6%-ға дейін азайды", - деді баспасөз хатшысы.

ІІМ мәліметінше, бүгінгі жағдаймен тапсырылған қару-жарақ үшін ақшалай төлемақыға 1791 азаматқа 76,6 мың теңге төленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны