06.12.2024, 17:15 108196

ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен көліктегі полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Айдос Рысбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа басшыны жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков таныстырып, департаменттің теміржол және авиациялық көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін атап өтті.

Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте тәжірибесі бар. Бұған дейін ол Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны