15.05.2008, 15:17 1573

ІІМ көші-қон мәселесі бойынша біртұтас орган құру мүмкіндігін қарауды тағы ұсынды

ІІМ көші-қон мәселесі бойынша біртұтас орган құру мүмкіндігін қарауды тағы ұсынды

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ІІМ көші-қон мәселесі бойынша біртұтас орган құру мүмкіндігін қарауды тағы ұсынады. Бұл туралы парламент мәжілісінде ішкі көші-қон мәселелеріне орай өткізілген дөңгелек үстел барысында ішкі істер

вице-министрі Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Елімізде ішкі миграция мәселелерімен айналысатын мемлекеттік орган жоқ. Қолданылған шетелдік тәжірибе оңтайлы үлгі ретінде АҚШ, Канада мен Ресейде ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері бойынша біртұтас орган құрылуын алға тартады. Осы жол назар аударуға және дәйектеуге тұратын жол секілді", - деп мәлімдеді А. Шпекбаев.

Ол осы орайда ІІМ шетел азаматтарының ел аумағына келуінің құқықтық режимі мен азаматтық мәселелерімен, ал ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті - оралмандар мәселесімен айналысатынын атап өтті. Ал ішкі көші-қонды ешкім реттемейді.

А. Шпекбаев "құқық қорғау іс-қызметін жоспарлау мен әлеуметтік шиеленіс ошақтарын болжауда көші-қон - ең бір шешуші фактор екенін" атап өтті. Бұл ретте "ондай жұмысты ұйымдастыру елімізде ішкі көші-қонға мониторинг жүргізу, оны реттеу тетіктерінің жоқтығына байланысты шектелуде".

"Егер ішкі миграцияны басқаруды заңнамамен реттемесе, ахуалдың осылайша жалғаса беретінін оңай болжауға болады", - деді вице-министр.

Оның пікірінше, "қалыптасқан ахуалға "Ішкі көші-қон туралы" заң жобасын жасау арқылы әсер етуге болады". А. Шпекбаев "Көші-қон туралы" заңға жеке бөлім немесе тарау қосуға болатынын, "онда көші-қон ағындарын тек статистикалық тұрғыдан ғана жіті қадағалауды ғана қарастырмай, сонымен бірге, ел өңірлерінің даму негізі және олардың экономикалық әлеуетінің негізі ретінде еңбек ресурстарын өңірде ұстап қалу тетіктерін де қарастыру қажет" екенін атап өтті.

Оның айтуынша, ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2005 - 2007 жылдар аралығында 697 мың адам тұрақты тұрғылықты жерлерін ауыстырған. Тек 2007 жылы ішкі көші-қонға 295 мың адам қамтылды.

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ибденовтың мәлімдеуінше, Қазақстанда ішкі көші-қонның орташа деңгейі жылына 300 мың адам деңгейінде тұрақтанды. Оның мәліметінше, 2007 жылы ауылдардан қалаларға 87 мың адам қоныс аударған.

Серік Ибденов сондай-ақ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон туралы жаңа заңның жобасын жасап жатқанын, онда "ішкі көші-қонды реттеу мәселесіне баса назар аударылатынын" жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны