22.12.2006, 18:15 3320

ІІМ өкілдері ішімдік өнімдеріне шектеу қойып, сыраны қоғамдық жерлерде ішуге тыйым салуды ұсынып отыр

АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today. ІІМ өкілдері ішімдік өнімдеріне шектеу қойып, сыраны қоғамдық жерлерде ішуге тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Елде маскүнемдіктің алдын алу үшін құқықтық механизмдер қажет",-деп мәлімдеді бүгін Алматыда "Ішімдік пен маскүнемдік профилактикасындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамды нығайту"деп аталатын "дөңгелек үстелде" ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитеті бастығының орынбасары Ғазымбек Алпысбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, заң бойынша қоғамдық орындарда ішімдік ішкен үшін және мас күйінде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алайда, тәртіп сақшысының пайымдауынша , "қоғамдық орындарда тек спирт ішімдіктеріне ғана емес, сыраға да тыйым салу қажет". "Ал болашақта белгілі бір уақытта спирт ішімдіктерін сатуға шектеу қою қажет", деді Ғ.Алпысбаев.

Оның пікірінше, бір ғана әкімшілік жазалау шарасымен проблеманы түбегейлі шешу мүмкін емес. "Сондықтан да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың күшін біріктіру керек, әсіресе ішімдіктің кесірі туралы ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізуде",-деп атап өтті ол.

Республика ІІМ мәліметіне қарағанда, елде жасалатын әр он екінші қылмыс ішімдіктің салдарынан болады, әрбір үшінші қасақана кісі өлтіру , алтыншы қарулы шабуыл және бесінші тонау мас күйінде жасалады. Бұл көрсеткіштер соңғы бес жылда өзгермеген. Тек биылдың өзінде мас күйінде кісі өлтіру саны 416 , 215 зорлау, 720 бұзақылық қылмыс жасалған.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері , денсаулық сақтау өкілдері, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері мен мемлекеттік емес ұйым өкілдері бүгін ішімдік пен маскүнемдік профилактикасы жөніндегі 2007-2008 жылдарға арналған ведомствоаралық жоспарды талқылады. Мәжіліс барысында ішімдік өнімдерін сату жіне пайдалануға шектеу қою мәселелері жөнінде нормативті құқықтық құжаттың жобасын жасау туралы шешім қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны