20.04.2007, 19:11 2979

ІІМ парламентке оң тізгінді көліктерді пайдалануға 2010 жылдан бастап тыйым салуды қарастыратын заң жобасын енгізді

АСТАНА. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Ішкі істер министрлігі парламентке оң тізгінді көліктерді пайдалануға 2010 жылдан бастап тыйым салуды қарастыратын заң жобасын енгізді. Бұл туралы бүгін сенат депутаттарымен кездесу барысында ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз заң жобасын парламентке енгіздік",- деп хабарлады министр. Оның айтуынша, аталмыш құжат "оң тізгінді көліктерді пайдалануға 2010 жылдан бастап тыйым салуды қарастырады".

Министрдің айтуынша, дайындалған құжатта "арнайы сигналдарды пайдалануға жүктелетін жауапкершілікті күшейту", "көлікті мас күйінде басқарғандығы үшін жүргізуші куәлігінен айыру: бірінші рет - 2 жыл мерзіммен, екінші рет - 5 жылға дейін, үшінші рет - Қазақстан аумағында өмір бойы көлік басқару құқығынан айыру" қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны