25.01.2007, 10:35 3416

ІІМ республикадағы ішкілік пен маскүнемдік проблемасына алаңдаушылық білдіруде

АСТАНА. 25 қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның ішкі істер министрлігі республикадағы маскүнемдік проблемасына алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Министрлік баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында көрсетілгендей, соңғы алты жылда "маскүнемдікке" байланысты қылмыстардың төмендегеніне қарамастан, әрбір оныншы қылмыс ішкіліктің салдарынан жасалады.

ІІМ ақпаратына қарағанда, өткен жылы республика бойынша 1,7 мыңнан астам кісі өлтіру дерегі тіркелген, оның ішінде 30% ішімдіктің салдарынан болған.

"Тұрмыстық салада болған әрбір кісі өлтіру бірлесіп ішімдік ішкеннен кейін орын алады, оның 50% басты себебі - жанжал, 10% - қызғаныш, дейді полиция қызметкерлері.

Сонымен қатар, үш жыл ішінде елде 56 мыңға жуық өрт тіркелген, соның салдарынан 1932 адам көз жұмған, олардың 1138 мас күйде болған.

Соңғы алты жылда мас күйінде көлікке отырған жүргізушілердің кесірінен шамамен 4833 жол апаты тіркеліпті, салдарынан 977 адам көз жұса, 7072 адам жарақат алған.

Қазіргі кезде ішкі істер органдарында 300 мың адам профилактикалық есепте тұр, оның 126 мыңы -ішімдікке салынғандар, 38 мыңнан астамы -отбасылық тұрмыстық салада заң бұзушылықтарға жол береді және 32 мыңы-нашақор.

ІІМ мәліметтері бойынша , соңғы екі жылда арақтан уланған 31 мыңнан астам адам медициналық мекемелерге жеткізілген , оның 2,1 мың адамы көз жұмған. "Осы аралықта арақтан уланғандар саны 25% жетті",-дейді полицейлер.

Республикадағы маскүнемдік пен ішкіліктің алдын алу мақсатында ІІМ мемлекеттік құзыретті органдарға өз ұсыныстарын жолдамақ, оның ішінде ішімдік өнімінен түскен табысты салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын қаржыландыруға, ішімдіктен зардап шеккен азаматтардың отбасыларына бөліп беру және заң жүзінде квота енгізу туралы ұсыныс көрсетілген. Сонымен қатар, ішімдік өнімдерінің сауда жүйелерінде ішімдікті көлемді түрде сату экономикалық мақсатсыздыққа жеткізетін жағдай туғызу жолдарын қарастыру көзделген.

Қазіргі кезде 2007 -2008 жылға арналған маскүнемдік пен ішкілік профилактикасы бойынша ведомствоаралық жоспар жасалып, мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны