18.08.2008, 17:25 2987

ІІМ тәркіленген есірткілерді сақтау мәселелерін реттейтін ереже жасап шығарды

ІІМ тәркіленген есірткілерді сақтау мәселелерін реттейтін ереже жасап шығарды

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ тәркіленген есірткілерді сақтау мәселелерін реттейтін ереже жасап шығарды. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ ақпарат және қоғаммен байланыс орталығының директоры Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Б. Қожахметов атап көрсеткендей, қазіргі уақытта республиканың құқық қорғау органдарының сақтау камераларында 15 тоннадан астам әртүрлі есірткі сақталуда. "Бұл есірткінің көлемін азайту оларды сақтауға және күзетуге байланысты шығындарды, сондай-ақ, екінші мәрте айналымға қайта шығу тәуекелін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді", - деп атап көрсетті орталық жетекшісі.

Осыған байланысты ҚР есірткі саудасымен күрес комитеті тиісті ережелерді жасап шығарған. Қазір ол үкіметке жолданған. "Олар жақын арада үкімет қаулысымен бекітіледі деген ойдамыз", - деп хабарлады Б. Қожахметов. "Аталмыш нормаларды енгізу есірткіні тәркілене салысымен тек сот үшін азғантай ғана мөлшерін қалдырып, басқасын жоюға мүмкіндік берер еді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны