19.05.2008, 10:26 1609

ІІМ "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы туралы" заң жобасын депутаттардың ұсыныстарына сәйкес түзеді

ІІМ "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы туралы" заң жобасын депутаттардың ұсыныстарына сәйкес түзеді

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігі "Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы туралы" заң жобасы бойынша парламент депутаттарының бірқатар ұсыныстарын ескерді. Бұл туралы осы заң жобасын талқылауға арналған парламент сенатында өткен дөңгелек үстел барысында ішкі істер министрінің орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп мәлімдеді деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Депутаттар ұсыныстар енгізді... Біз қолдаған концептуалдық ұсыныстар қатарында барынша ауыр салдардың жолын кесу мақсатында заң бұзушыларды дер кезінде жанұясынан аластату құқын ішкі істер органдарының қызметкерлеріне беруге қатысты", - деді А. Шпекбаев.

Сондай-ақ, ол азаматтық-процессуалдық және әкімшілік заңдарына профилактикалық бақылау орнату жөніндегі істерді соттардың қарастыру тәртібін айқындайтын өзгерістер енгізудің көңілге қонымдылығына депутаттардың назар аударғанын атап өтті. "Осыған байланысты біз тиісті тиісті заң жобасын жасап шығардық. Ол сондай-ақ мәжіліске де ұсынылды", - деп хабарлады вице-министр.

Сонымен бірге, депутаттардың бірқатар ұсыныстары қолдау таппады. Атап айтар болсақ, депутаттардың тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсететін ұйымдардың қызметін мемлекеттік қаржыландыру жөніндегі ұсынысы қолдауға арқа сүйей алмады.

"Олардың қызметін қаржыландыру жолымен заң жобасына мемлекеттің қатысу мәселесі қарастырылмайды. Заң жобасының алғашқы нұсқасында мұндай ұымдарды мемлекеттік мекеме түрінде құру ұсынылған. Оны республикалық бюджеттік комиссия тарапынан қолдауға ие бола алмаған. Есептеулер бойынша мұндай бір ғана ұйымды ашып, оның күнделікті қызметін қамтамасыз етуге 18 млн теңгеден астам сома шығындалады еекен", - деп түсіндірді вице-министр.

Сонымен қатар, А. Шпекбаев атап көрсеткендей, заңды қабылдау тұрмыстық зорлық-зомбылықтың тиімді алдын алу және жолын кесу жүйесін құруға, отбасы мүшелерінің құқықтық қорғансыздығын жоюға мүмкіндік береді.

"Осы заң арқылы біз тұлғаның жан-жақты дамуына, қоғамымыздың гүлдену кепілі ретіндегі ана мен баланың сенімді қорғалуына жағдай жасаймыз", - деп есептейді ол.

Өз кезегінде мәжіліс депутаты Жақып Асанов, мәжіліс депутаттарының, жұмыс тобының мүшелерінің пайымдауынша, Ішкі істер министрлігі ұсынған заң жобасының басты кемшіліктерінің бірі "зорлық-зомбылық құрбандарына барлық әлеуметтік қызметтерді ұсыну мемлекеттік ұйымдарға жүктелмейді" деген норма болып отыр.

"Атап айтқанда, олар психологиялық, заңдық көмек көрсету, уақытша баспана ұсыну, психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізу. Сонымен бірге, біз қатысып отырған көптеген халықаралық актілерге сәйкес, бұл қызметтерді жалпы алғанда мемлекет өз мойнына алады. Нақ мемлекеттік қатысу, мемлекеттік қаржыландыру осы функциялардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді", - деп түсіндірді депутат.

"Сондықтан, депутаттар - жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік емес ұйымдардың көмек көрсету бойынша жұмысының тиімділігі күдік тудыратынын айтқан және мұндай қызметтердің жұмысын мемлекеттік қаржыландыруды қажеттілік деп санайды. Осы себепті бұл мәселені тағы бір рет қарастыру жөнінде премьер-министрге өтініш дайындалды. Жақын уақыттарда біз осы мәселе бойынша үкіметтің ресми пікірін білетін боламыз деп ойлап отырмыз", - деп атап көрсетті Ж. Асанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны