27.12.2006, 16:30 3310

ІІМ заңсыз мигранттарын еңбекке тартқаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы мәселені қарастыруда - Астана қалалық ІІД

АСТАНА. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. ІІМ-де заңсыз мигранттарды еңбекке тартқаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілікті күшейту туралы мәселе талқылануда. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласының ІІД көші-қон полициясы басқармасының бастығы Борис Колесниченко құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Менің білуімше, ІІМ басшылары әкімшілік кодексіне күшейтулер енгізуді жоспарлауда (заңсыз мигранттарды еңбекке тартқаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілікті -Kazakhstan Today ескертуі), бұл қазір үкіметтік деңгейде шешілуде",- деді Б. Колениченко. Оның ақпараттарына сүйенсек, әңгіме жеке тұлға үшін салынатын айыппұлды 100 айлық есептік көрсеткішке дейін, заңды тұлғалар үшін 300-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін көтеру туралы болып отыр. "Қолданылатын шаралар одан да қатайтылуы , бұл мәселе талқылануда",- деді Астана қаласының ІІД көші-қон полициясының бастығы.

Ол сонымен қатар, заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыру іс-шарасының аяқталуына және оның "барлық қорытындыларын, барлық артықшылығы мен кемшіліктерін" айқындау нәтижесі бойынша ІІМ басшылары рақымшылық алу мүмкіндіктерін пайдаланбаған заңсыз еңбек мигранттарын табуға қатысты кең көлемдегі жедел - алдын алу шараларын жүргізуді жоспарлап отырғанан хабарлады. Б.Колесниченконың түсіндіруінше, бұл операция кезінде "тек мигранттарды ғана емес, сондай-ақ жұмыс берушілерді де жауапқа тартуға баса назар аударылады, өйткені, "заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруға байланысты рақымшылық туралы" заңға сәйкес рақымшылыққа қатысу жауапкершілігі жұмыс берушіге жүктеледі. Бұл іс-шара келесі жылдың қаңтар айынан басталуы мүмкін"- деді Астана қаласының көші-қон полициясының бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны