04.05.2007, 16:29 3032

ІІМ жанында полицияның іс-қызметін бақылайтын қоғамдық кеңес құрылды

ІІМ жанында полицияның іс-қызметін бақылайтын қоғамдық кеңес құрылды

АСТАНА. 4 - мамыр. Kazakhstan Today. Ішкі істер министрлігінің жанында полицияның іс-қызметін бақылайтын қоғамдық кеңес құрылды. Бұл туралы бүгін кеңестің бірінші отырысының аяқталуы қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Ресупбликасының ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін ІІМ жанында еліміздегі полицияның іс-қызметін бақылайтын қоғамдық кеңес құрылды, оның іс-қызметі ішкі істер органдарының жұмыстарының тиімділігін көтеруге бағытталуға тиіс",- деді Б. Мұхамеджанов.

Министрдің түсіндіруінше, кеңес мүшелері мемлекеттің құқық қорғау іс-қызметімен және де азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды бақылауға байланысты жағдайларға мониторинг жүргізеді деп жоспарлануда.

Сонымен қатар ол "кеңес мүшелеріне тергеу жұмыстарына қатысу құқығының берілмейтіндігін" атап көрсетті. "Заң бойынша олар тергеу жұмыстарына қатысуға құқылы емес, бірақ олар үшін, атап айтқанда қоғамда үлкен пікірлер мен толқулар тудырған қылмыстарға қатысты жабық тақырып болмауға тиіс, оларға барлық ақпараттар берілетін болады",- деп түсіндірді.

"Біз жұмыс істеген кейіп танытуға тырыспайтын боламыз деп сендіремін",- деп мәлім етті Б. Мұхамеджанов. "Бізде қоғам мен полицейлер қызметі арасында көпір орната алатын мүмкіндігіміз бар, және де біз осы мүмкіндікті пайдалануымыз қажет",- деп атап көрсетті.

"Бұл жерде министрлік кеңес мүшелерін өздерінің қандайда бір теріс іс-әрекеттерін бүркемелеуге пайдаланушылық байқалмайды",- деп атап көрсетті өз кезегінде жаңа кеңестің мүшесі Мурат Иуезов. "Кеңес мүшелеріне ешқандай ақшалай сыйақы қарастырылмаған - біз өзіміздің азаматтық парызымызды өтеудеміз. Ал министрлік бізге қажетті ақпаратты, соның ішінде ашылмаған адам өлтіру қылмысы сияқты өткір проблемаларға қатысты ақпараттарды алуымызға жағдай жасайды",- деді ол.

Б. Мұхамеджановтың айтуынша, кеңес мүшесі 10 адамнан тұрады. Олардың арасында қоғам қайраткері Мұрат Иуезов, Қазақстан Республикасының парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Нығматулин, "Адам құқығы жөніндегі хартия" қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағанбетова, журналист Геннадий Бендицкий бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны