18.09.2019, 18:02 5876

ІІМ "Жолда қабылдау" және "Аулада қабылдау" акциялары шеңберінде азаматтарды қабылдауды жүргізді

Бұған қосымша 2,5 мыңға жуық"қауырт" және әлеуметтік желілер арқылы өтініштер қабылдау ұйымдастырылды.

Нұр-Сұлтан. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының азаматтарға олардың қауіпсіздігі үшін қызмет көрсету және кері байланысты ұйымдастыру тапсырмасы аясында ІІМ полицияның халықпен жұмысының бағытына алдын ала елеулі өзгерістерді көздейтін жаңа жұмыс моделіне көшеді.

Жаңалықтар қатарында- Министр Е. Тұрғымбаев бастамасымен қолға алынған "Жолда қабылдау" айсайынғы акциясы бар. Акция аясында азаматтар көшелерде, алаңдар мен аулаларда және сауда орталықтарында полиция бөлімдерінің, әкімшілік және көші-қон қызметтерінің бастықтарынан кәсіби кеңестер мен өзге де көмектер алды.

"Жолда қабылдау" акциясының сәуірден қыркүйекке дейінгі алты кезеңі ішінде қалалар мен ауылдардың тұрғындар мейлінше көп шоғырланған орындарына орналасқан 5 мың мобилді полиция пункттерінде 120 мыңнан астам азаматтың өтініштері зерделенді. Бұған қосымша 2,5 мыңға жуық"қауырт" және әлеуметтік желілер арқылы өтініштер қабылдау ұйымдастырылды.

Бөлімше басшылары алдын ала жазылусыз және бюрократизмсіз "кабинеттен тыс" азаматтарды қабылдауды жүргізді, ал адамдар өз проблемаларын формалды емес жағдайда жедел шешуге мүмкіндік алды. Бұл, әрине, полицияның "әріптестік" қарым-қатынасын, сондай-ақ халықпен "кері байланысын" нығайтуға ықпал етті.Акция маусым айынан бастап екі форматта: тікелей "Жолда қабылдау" және көппәтерлі үйлер мен тұрғын-үй кешендерінің аулаларында ұйымдастырылған "Аулада қабылдау" азаматтарды мобильді қабылдау түрінде жүргізілді.

"Аулада қабылдау" шеңберінде азаматтардың өтініштері қаралып, ПИК төрағалары, тұрғын-үй инспекциясы және әкімшілік қызметкерлерін тарта отырып, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың бастықтары тарапынан кеңестер берілді.Акцияны өткізу барысында барынша өзекті болған мәселелер:

-Әкімшілік айыппұлдарды төлеу (22,4 мың)

-Жол қозғалысын ұйымдастыру (16,9 мың)

-Автокөліктерді тіркеу (15,8 мың)

-Көші- қон қызметі (15 мың)

-Жүргізуші куәліктерін беру (11,4 мың)

-Автокөліктерді қайта жабдықтау (9,6 мың)

ІІО басқа қызметтері желісі бойынша 17,2 мыңнан астам сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар, тұрғындардан қоғамдық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, көші-қон, тергеу және т.с.с. салалардағы жұмыстарды жақсарту бойынша 2 мыңнан астам ұсыныс келіп түскенін атап өтуге болады, бұл өткізілген акцияның тиімділігін және халықпен кері байланыстың жақсаруын көрсетеді.

Бұған қоса "Жолда қабылдау" акциясынан тікелей эфир өткізу кезінде азаматтардан әлеуметтік желілер арқылы 25 мыңға тарта сұрақтар келіп түсті.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны