21.11.2012, 17:25 2693

ІІМ-де Министр Қ. Қасымовтың басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық Кеңестің отырысы ведомство басшылығының қатысуымен өтті

Кеңестің отырысында ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес құрудың басты мақсаты азаматтардың, жұртшылықтың ішкі істер органдарының практикалық қызметімен келісімге жетуі болып табылады. Қоғамдық Кеңес ішкі істер органдары қызметіне байланысты қандайда болмасын мәселер бойынша азаматтардың пікірін талдап, жалпылама жасайды.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - ІІМ-де Министр Қ. Қасымовтың басшылық етуімен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық Кеңестің отырысы ведомство басшылығының қатысуымен өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеңестің отырысына белгілі қоғам қайраткерлері, депутаттық корпустың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және ғылыми ортаның өкілдері қатысты, яғни олардың арасында Қазақстанның бірінші ғарышкері Тоқтар Иубәкіров, Журналисттер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, "Адам құқығы үшін хартия" қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, басқа да қоғамдық пікірдің көшбасшылары мен азаматтық қоғамның өкілдері бар.

Кеңестің отырысында ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңес құрудың басты мақсаты азаматтардың, жұртшылықтың ішкі істер органдарының практикалық қызметімен келісімге жетуі болып табылады. Қоғамдық Кеңес ішкі істер органдары қызметіне байланысты қандайда болмасын мәселер бойынша азаматтардың пікірін талдап, жалпылама жасайды.

Отырыста Кеңестің Төрағасы болып қоғам қайраткері, журналист Ирак Елекеев сайланды, азаматтық қоғам мен ІІМ арасында ықпалдастықтың тиімділігін арттыруды қарастыратын жұмыс жоспары бекітілді.

Кеңестің мүшелері Ішкі істер министрлігі жанындағы осы қоғамдық органның жұмысын жаңғыртудағы өзектілікті және құқықбұзушылықтың алдын-алу мен қылмысқа қарсы күрес, тәртіпті және полиция қызметінде заңдылықты бекіту, халықтың құқықтық мәдениетін, полицей мамандығының беделін және құқыққорғау органдарына деген сенімді арттыру саласында сындарлы негізді қалыптастыруда жұртшылықтың қатысуын атап өтті.

Ішкі істер министрі атап өткендей, қоғам полицияға сенім білдіру қажет, ал полиция тәртіп шебінде нық тұруы қажет. Осы орайда ІІМ азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, халықтың полицияға деген сенім дәрежесін арттыру үшін Кеңестің жұмысын анағұрлым тиімді және жүйелі етіп ұйымдастыруды қолға алып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны