29.04.2010, 16:36 3695

Іле картон-қағаз комбинатының бас директорына Қазақстан Даму банкінің 2,6 млн доллар қаржысын ұрлады деген айып тағылды

Іле картон-қағаз комбинатының бас директорына Қазақстан Даму банкінің 2,6 млн доллар қаржысын ұрлады деген айып тағылды

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - "Іле картон-қағаз комбинаты" АҚ-ның бас директорына "Қазақстан Даму банкі" АҚ-ның 2,6 млн доллар қаржысын ұрлады деген айып тағылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, агенттік "Іле картон-қағаз комбинаты" АҚ-ның бас директорына қатысты алаяқтық жолымен "Қазақстан Даму банкі" АҚ-ның картон өндіру желісін сатып алуға бөлген қаржысын иемденіп алу дерегі бойынша қылмыстық істі тексеріп жатыр", - деді М. Жұманбай.

"Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде бұл дерек бойынша "Іле картон-қағаз комбинаты" АҚ-ның бас директоры Есенбаевқа алаяқтық жолымен "Қазақстан Даму банкі" АҚ-ның 2,6 млн доллар қаржысын ұрлау жөніндегі айып тағылды", - деді ол.

Сондай-ақ, ресми өкілдің хабарлауынша, "агенттік бұдан бұрын да бір акционерлік қоғамның ірі акционері болып табылатын Есенбаевқа қатысты тағы бір қылмыстық істі "Қазақстанның Инвестициялық қоры" АҚ-ның 650 млн теңге көлеміндегі қаржысын ұрлау дерегі бойынша тексерген".

М.Жұманбайдың хабарлауынша, осы қылмыстық істің аясында Есенбаевқа "Қазақстанның Инвестициялық қоры" АҚ-ның ақшасын ұрлау жөнінде тағы бір айып тағылған, ол кепілдікке босатылған. "Қылмыстық іс аяқталу сатысына жақын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны