27.01.2017, 18:51 3269

Иманғали Тасмағамбетов Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлыныӊ мұражай үйінде болды

Айта кетейік, 1934-1937 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынов тұрған үй мұражай ретінде 1998 жылы ақынныӊ 125 жылдық мерейтойы қарсаӊында ресми түрде ашылған.Сондай-ақ, биыл Алаш қозғалысыныӊ құрылғанына 100 жыл толады.

Алматы. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласындағы Алаш қайраткері, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлыныӊ мұражай үйіне арнайы барып, тарих және мәдениет ескерткіші саналатын музей үйініӊ жылдар бойы қордаланған мәселелерініӊ шешілуіне мұрындық болмақ.

Еліміздіӊ саяси тәуелсіздігі жолында күресіп, рухани мәдениетіміздіӊ көшбасшысы болған Ахмет Байтұрсынұлыныӊ есімі мен еӊбектерін ұзақ уақыт бойы айтуға тыйым салып, "тұмшалап" келгенімен, айтулы тұлға еӊбегі халқы үшін мәӊгілік өшпейтіндігін мойындатты.

А. Байтұрсынұлы мұражай үйініӊ директоры Райхан Сахыбекқызы вице-премьер Иманғали Тасмағамбетовті мұражай жұмысымен және ақынныӊ жәдігерлерімен таныстыра отырып, түйткілді мәселелердіӊ бар екенін жеткізді.

Вице-премьер өз кезегінде алаш зиялыларыныӊ құнды мұраларын жинақтап, сақтауға келгенде аянбай еӊбек ету қажет екенін айта отыра, осы дүниелердіӊ құндылығына да ерекше тоқталды.

"1934-1937 жылдары ақын тұрған осынау киелі шаӊырақ - тарих пен тағылымныӊ ордасы. Бұл үйдіӊ әрбір кірпіші мен бұрышы Ахаӊныӊ қиын да қасіретті тағдырынан сыр шертеді. Сондықтан, біз бұл тарихи ескерткішті сақтауға, оныӊ білім мен ғылымныӊ, тәлім мен тәрбиеніӊ ордасы ретінде дамытуға тиіспіз", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Үкімет тарапынан қайраткердіӊ ғылыми еӊбектерін зерделеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мұражайға ұлттық мәртебесін беру, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларыныӊ 10 томдығын шығару және деректі фильм түсіру жқнінде тапсырма берді. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі аптада Астанада арнайы кеӊес өткізілетіндігі айтылды.

Айта кетейік, 1934-1937 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынов тұрған үй мұражай ретінде 1998 жылы ақынныӊ 125 жылдық мерейтойы қарсаӊында ресми түрде ашылған.Сондай-ақ, биыл Алаш қозғалысыныӊ құрылғанына 100 жыл толады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны