04.04.2008, 13:12 3505

Имангали Тасмағамбетов Астана әкімі болып тағайындалды

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елордасы әкімшілігінің атқамінерлеріне жаңа басшыны таныстырды. Астана әкімі болып Имангали Тасмағамбетов тағайындалды. "Мен сіздерге мәслихаттың шешімімен Имангали Тасмағамбетов Астана әкімі болып тағайындалғанын жариялағалы отырмын", - деді президент. "Ол осы қаланы жақсы біледі, үкіметте, президент әкімшілігінде, Атырау облысы мен Алматыны басқарған кезде өзінің жұмысының тиімділігін көрсетті", -деді Н. Назарбаев.

Астана. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Елордасы әкімшілігінің атқамінерлеріне жаңа басшыны таныстырды. Астана әкімі болып Имангали Тасмағамбетов тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен сіздерге мәслихаттың шешімімен Имангали Тасмағамбетов Астана әкімі болып тағайындалғанын жариялағалы отырмын", - деді президент.

"Ол осы қаланы жақсы біледі, үкіметте, президент әкімшілігінде, Атырау облысы мен Алматыны басқарған кезде өзінің жұмысының тиімділігін көрсетті", -деді Н. Назарбаев.

"Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында ауқымды жұмыс күтіп тұр, сол себепті мен ол осы жұмысты тамаша атқарып шығады деп сенемін. Уақыт аз қалды, 10 жылдық мерейтойды лайықты деңгейде атап өту қажет. Сол себепті мен өзім сенетін адамды тағайындадым", -деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны