04.01.2017, 21:55 3267

Иманғали Тасмағамбетов дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу дайындығын тексерді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ұйымдастыру комитетініӊ төрағасы Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласындағы ауқымды спорттық шараны өткізудегі нысандардыӊ соӊғы дайындығын тексеріп, көшпелі кеӊес өткізді.

Астана. 4 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін, 4 қаӊтарда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ұйымдастыру комитетініӊ төрағасы Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласындағы ауқымды спорттық шараны өткізудегі нысандардыӊ соӊғы дайындығын тексеріп, көшпелі кеӊес өткізді.

Универсиадаға дайындық жұмыстары аяқталуға таяды. Бұл өз кезегінде барлық қызметтер тарапынан мұқият тексеруді қажет етеді. Көлік қызметі мен жол қауіпсіздігін сақтау - осы бағыттағы жұмыстыӊ жауапты бөлігі саналады.

"Көлік логистикасын ұйымдастыруға келсек, онда біздіӊ ЕҚЫҰ Самиитіне және 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындықты жүргізуде тәжірибеміз бар. Мұны делегаттарға, спорттық командаларға қызмет көрсетуде қолдануға болады. Бұған қарамастан, алау эстафетасын өткізу кезінде көлік қозғалысыныӊ артуына байланысты басқа да сұрақтар туындайды. Бұл орайда, еліміздегі қалалардыӊ, оныӊ ішінде Астана мен Алматы қалаларыныӊ тұрғындары үшін қолайсыздықтар тудырмау мақсатында көлік қозғалысын реттеуге қосымша шаралар қабылдау қажет", - деді вице-премьер көшпелі кеӊесте.

Спорттық ғимараттардыӊ дайындығына қатысты Иманғали Тасмағамбетов негізгі нысандардағы жұмыстардыӊ аяқталғанын ескере отырып, оларды белгіленген талаптар мен стандарттарға және пайдалануға беру қауіпсіздігіне сәйкес толық жабдықтау қажеттігін ескертті.Сонымен қатар, вице-премьер дайындық жұмыстарыныӊ жақсы жүргізіліп отырғанын айта келе, Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбекке құзырлы қалалық ведомстволар мен қызметтермен бірлесіп қалыӊ көпшіліктіӊ қатысуымен өтетін нысандарды пайдалану ережесі мен қауіпсіздік талаптарын міндетті орындау бойынша жұмысшы комиссияларды өткізуді тапсырды.

Сондай-ақ, ҚР Пермьер-Министрініӊ орынбасары қысқы Универсиаданыӊ ұйымдастыру комитеті өкілдерініӊ қатысуымен жарыстар өткізілетін әрбір нысанныӊ функционалдық талаптарыныӊ орындалу мәселелерін пысықтау міндетін қойды.Жаӊа спорт ғимараттарына іргелес аумақты көгалдандыру және абаттандыру жобасына сәйкес абаттандыру, жарықтандыру, безендіру жұмыстарын орындау және көлік тұрақтарын жабдықтау тапсырылды.

"Біздіӊ спортшыларымыздыӊ даярлығы мен шараныӊ салтанатты ашылу рәсімініӊ маӊыздылығына ерекше тоқталғым келеді. Осынау ірі әлемдік сайыс үлкен маӊызға ие жәнеол спортпен шұғылдану және салауатты өмір салтын тиімді насихаттауды қамтамасыз етуі тиіс", - деді ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары.

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданыӊ басталуына бір айдан аз уақыт қалды. Ойындарды өткізуге дайындықтыӊ ұйымдастыру кезеӊі аяқталуға жақын. Осыған орай, Иманғали Тасмағамбетов дайындықты тағы бір пысықтап, спорттық нысандар мен ғимараттардыӊ, қонақ үйлердіӊ, мейрамханалардыӊ, көлік және коммуникация жүйесініӊ, шетелдік делегаттар мен командаларға, туристер мен қала қонақтарына қызмет көрсететін басқа да қала нысандарыныӊ уақытылы дайын болуын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдау қажеттігін атады.

Сонымен қатар, Иманғали Тасмағамбетов "Сұӊқар" Халықаралық шаӊғы трамплиндер кешенінде спортшылар мен қонақтарды қарсы алу дайындығын тексеріп, Универсиада барысында қолданылатын техника, волонтерлық топ, ақпараттық орталық және Универсиада атрибуттарымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны