25.01.2017, 20:01 4467

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанда SOS балалар ауылыныӊ 20 жылдығын атап өтуге қолдау көрсетуді тапсырды

Биылғы жылы "Қазақстандағы SOS балалар ауылына" 20 жыл толады. Алғашқы отбасылық балалар үйі 90-шы жылдары құрылды.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтіӊ төрағалығымен "Қазақстандағы SOS балалар ауылы" корпоративтік қорына қолдау көрсету мәселесі бойынша селекторлық кеӊес өтті. Кеӊес жұмысына "Қазақстандағы SOS балалар ауылы" корпоративтік қоры қамқоршылық кеӊесініӊ төрағасы Серік Сейдуманов, Алматы, Астана және Қарағанды облыстары әкімдерініӊ орынбасарлары қатысты.

Биылғы жылы "Қазақстандағы SOS балалар ауылына" 20 жыл толады. Алғашқы отбасылық балалар үйі 90-шы жылдары құрылды.

Биылдан бастап Теміртау қаласындағы SOS балалар ауылындағы ата-анасыныӊ қарауынсыз қалған балалар мен жетімдерді 100 пайыз қаржыландыру жүзеге асырылуда. Ал, Алматы қаласында балалар ауылын жергілікті бюджеттен қаржыландыру үшін әкімдік оныӊ меншік формасын өзгерту қажет деп санайды.

Бұған дейін SOS балалар ауылындағы ата-анасыныӊ қарауынсыз қалған балалар мен жетім балаларды 100 пайыз мемлекет есебінен қаржыландыру мәселесі көтерілген еді. Нәтижесінде 2015 жылы жергілікті атқарушы органдарға 2020 жылға қарай біртіндеп SOS балалар ауылындағы ата-анасыныӊ қарауынсыз қалған балалар мен жетім балаларды күтуді толық қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылды.

Кеӊес қорытындысы бойынша вице-премьер И. Тасмағамбетов Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысы әкімдіктеріне "Қазақстандағы SOS балалар ауылы" корпоративтік қорыныӊ 20 жылдығын өткізу және дайындауға қолдау көрсетуді тапсырды.

Сондай-ақ, 2020 жылға дейін SOS балалар ауылдарындағы жетім балалар мен ата-аналарыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағуды толық мемлекеттік қаржыландыруға кезеӊ-кезеӊмен көшіру және тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін атады.

Сонымен қатар, балалар үйлері тәрбиеленушілерініӊ отбасыда өмір сүру және тәрбиелену құқығын толық іске асыруға мүмкіндік беретін балалар үйлерініӊ тәрбиеленушілерін орналастырудыӊ "баланы қабылдайтын отбасы" жаӊа нысанын енгізу, сондай-ақ, балалар ауылдарыныӊ нысанын қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталықтары ретінде қайта құруды қарастыру ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны