16.09.2009, 10:15 1704

Индустрия және сауда министрі президентке Қазақстанды инновациялық индустрияландыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы аралық есеп берді

Индустрия және сауда министрі президентке Қазақстанды инновациялық индустрияландыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы аралық есеп берді

Астана. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Индустрия және сауда министрі Исет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының XII кезектен тыс съезінде президенттің үкіметке берген Қазақстанның инновациялық индустрияландыруы жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы аралық есеп берді.

Осыған байланысты бірнеше бағыттар бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. "Қазақстан 2020" стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылатын еліміздің жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуының бесжылдық бағдарламасы әзірленуде. Изірленіп жатқан 2010 - 2020 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы жаңа құжат болып табылады. Өңірдің базалық ресурстары мен инфрақұрылымының дамуын байланыстыратын ұтымды өндіріс қуатын орналастыру схемасын құру - маңызды бағыт.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда 52 бағдарлама қолданыста бар. Олар әртүрлі уақытта қабылданған әрі инфрақұрылыммен, құралдармен тиісінше қамтамасыз етілмеген. Президент жіберілген барлық кемістікті жоюды тапсырды. Барлық 52 бағдарламаның күшін жоямыз, ал бізде 4 басты құжат қалады. Жылдың соңында біз мемлекет басшысына оларды бекітуге ұсынуға тиіспіз", - деді И. Исекешев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны