01.02.2013, 11:04 3113

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде 2012 жылдың қорытындылары бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

"2012 жылы өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсу тенденциясы байқалған. Анағұрлым өсім машина жасауда- 16,2%, металл емес басқа да минералды өнімдер өндірісінде- 10,6%, жеңіл өнеркәсіпте - 8,3%, химия өнеркәсібінде - 5,9%, фармацевтика өнеркәсібінде - 5,6% көлемінде байқалған", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - Кеше Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешевтің қатысуымен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, онда 2012 жылдың қорытындылары шығарылып, 2013 жылдың міндеттері белгіленді., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2012 жылы өңдеу өнеркәсібінің тұрақты өсу тенденциясы байқалған. Анағұрлым өсім машина жасауда- 16,2%, металл емес басқа да минералды өнімдер өндірісінде- 10,6%, жеңіл өнеркәсіпте - 8,3%, химия өнеркәсібінде - 5,9%, фармацевтика өнеркәсібінде - 5,6% көлемінде байқалған", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 1,4 артқан. Сөйтіп, машина жасау саласындағы еңбек өнімділігі шамамен 2 есе, металл емес басқа да минералды өнімдер - 1,9 есе, металлургияда - 1,9 есе, химия - 1,8 есе, жеңіл - 1,3 есе, фармацевтика өнеркәсібінде - 1,3 есе артқан.

ИЖТМ ақпарына қарағанда, 2012 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 313млрд теңге болатын 162 жоба іске қосылған.

Барлығы 913 млрд теңгенің немесе өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 5,5% өнім өндірілген. Жалпы алғанда, өңдеу өнірісінің үлесі 8% немесе 5,2 трлн теңгенің 421,5 млрд теңгесін құрайды.

Инновацияны дамытуға келетін болсақ, өткен жылы технологиялық бизнес-никубациялау бағдарламасы бойынша 20 жоба іріктеліп алынып, 15 коммерциялау кеңсесі мен 2 өңірлік коммерциялау орталығы құрылған.

"Коммерциялау жобалары бойынша барлығы 148 тапсырыс түскен, тұжырымдама негізінде олардың 38-і, одан әрі коммерцияландыру үшін 20-ы іріктеліп алынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қалпына келтірілетін энергия көздері өндіретін электр энергиясының көлемі 2011 жылғы 0,42 млрд кВт/с-тан 0,45 млрд кВт/с дейін ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны