16.07.2013, 15:07 3610

Индустриялдық аймақтарды қаржыландыру кезінде моноқалаларға көңіл бөлінеді

Қазақстанда индустриялдық аймақтарды қаржыландыру кезінде өңірлік саясат артықшылықтарына сәйкес шағын және моноқалаларды дамытуға баса көңіл бөлінеді, деп хабарлады ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.

Астана. 16-шілде. Kazakhstan Today - Индустриялдық аймақтарды қаржыландыру кезінде моноқалаларға көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда индустриялдық аймақтарды қаржыландыру кезінде өңірлік саясат артықшылықтарына сәйкес шағын және моноқалаларды дамытуға баса көңіл бөлінеді, деп хабарлады ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.

"Ағымдағы жылы 5 индустриялдық аймақтарды қаржыландыруға 3 өңірде 2,5 млрд теңге бөлінген... Индустриялдық аймақтарды қаржыландыру өңірлік саясаттың артықшылықтарына толық сәйкес жүргізіледі деп күтілуде, экономиканы әртараптандыру мақсатында жоғары және орта әлеуеті бар шағын және моноқалаларға көңіл бөлінеді", - деді С.Жұманғарин.

Сонымен қатар, ол жылына шамамен 5-7 индустриялдық аймақты конкурстық негізде қаржыландыру жоспарланғанын атап өтті.

Икімдіктердің мәліметінше, 12 өңірле бірқатар аймақ құру жоспарланған. Сонымен қатар, болашақта жеке индустриялдық аймақ құру жоспарланғаны айтылды.

Айта кету керек, тұжырымдамаға сәйкес индустриялдық аймақтар операторы ИКК, яғни басқару компанияларын құру жоспарланған.

Қазіргі уақытта компанияның басқару құрамын мамандармен қамтамасыз ету үшін кадрлық мәселе қаралуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны