04.09.2009, 12:38 1610

Индустриялық-инновациялық даму жүзеге аса бастағаннан бері ғылымды дамыту шешуші мәселеге айналды - президент

Индустриялық-инновациялық даму жүзеге аса бастағаннан бері ғылымды дамыту шешуші мәселеге айналды - президент

Астана. 4 қыркүйек. Kazakhstan Today - Индустриялық-инновациялық даму жүзеге аса бастағаннан бері ғылымды дамыту шешуші мәселеге айналды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ғылым және ғылыми саясат жөніндегі кеңестің отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Серпінді индустриялық-инновациялық даму жүзеге аса бастағаннан бері ғылымды дамыту шешуші мәселеге айналды ", - деді президент.

Оның айтуынша, бүгінгі күні елімізде "ғылымның дамуына жаңаша серпін беру қажет". Қазақстандық бизнестің ғылымды дамытудағы рөлі зор, деді президент.

"Біздің мақсат - ғылымның дамуына жаңаша серпін беру , ғылымға дұрыс бағыт-бағдар беру, Қазақстан бизнесін ғылыммен етене жақын ынтымақтасуға итермелеу", - деді Н. Назарбаев.

"Жеке меншік бизнес пен мемлекеттік компаниялар, заңға сәйкес, өз пайдасының белгілі бір бөлігін ғылыми жаңалықтарға бөлуге міндетті", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны