24.08.2012, 18:07 3198

Инновациялық идеялар бүкіл Қазақстаннан жиналатын болады - баспасөз баяны

"Инновациялық бизнес-жоспарлардың NIF$50K республикалық конкурсының ұйымдастырушылары еліміздің түкпір-түкпірінен жас ғалымдарды, дарынды өнертапқыштарды, болашақ бизнесмендерді іздеуге кірісті. Автобус бүгін Астанадан Қостанайға аттанды", - деп хабарлайды Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі.

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі әлеуетті жаңашылдар мемлекеттік қолдау құралдары туралы кеңес ала алады, сондай-ақ инновациялық идеялардың республикалық конкурсына өтінім бере алады.

"Инновациялық бизнес-жоспарлардың NIF$50K республикалық конкурсының ұйымдастырушылары еліміздің түкпір-түкпірінен жас ғалымдарды, дарынды өнертапқыштарды, болашақ бизнесмендерді іздеуге кірісті. Автобус бүгін Астанадан Қостанайға аттанды", - деп хабарлайды Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында әр ғалым, өнертапқыш өз жобасын көрсете алады. Сонымен қатар, инноваторлар конкурсқа қатысу үшін тұрғылықты жерінен өтінім беру мүмкіндігіне тұңғыш рет ие болады. Сондай-ақ, инноваторлар сол жерде қолдау құралдары - инновациялық гранттар, технологиялық бизнес-инкаубациялау бағдарламасы жөнінде кеңестер ала алады", - делінген хабарламада.

Айта кету керек, осы жылдың маусым айында Инновациялық бизнес-жоспарлардың NIF$50K республикалық конкурсына өтінім қабылдау басталған болатын.

Жоба халықтың инновациялық белсенділігін арттыруға, жаңа технологиялар саласындағы әлеуметтік-маңызды бастамаларды тауып, қолдауға, жаңашылдар мен әзірлеушілерді инновациялық жобалардың бизнес-жоспарларын жасауға үйретуге бағытталған. Аталған жоба Индустрияландыру бағдарламасы аясында іске асырылуда.

Конкурсқа инновациялық жобаның авторы болып табылатын, кәмелеттік жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Өтінімдер осы жылдың 1-ші қыркүйекке дейін "ТДҰА" АҚ қабылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны