01.10.2010, 15:37 3942

Интернетке зорлық көрсететін бейне көрініс салушылар қылмыстық жауапқа тартылып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Интернетке зорлық көрсететін бейне көрініс салған адам қылмыстық жауапқа тартылып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі "Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау" атты интернет-конференция барысында хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - қазан. Kazakhstan Today - Интернетке зорлық көрсететін бейне көрініс салған адам қылмыстық жауапқа тартылып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі "Кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау" атты интернет-конференция барысында хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интернетке "төбелес және сол тектес басқа да бейне түсірілімдер" салушыларды жауапқа тарту туралы мәселені интернет-конференцияға қатысушылардың бірі көтерген.

"Иә, қылмыстық заңнамаға сәйкес екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады",- деп хабарлады ІІМ-нен.

Интернет-конференцияны ҚР Ішкі істер министрлігі Білім беру министрлігімен бірлесе отырып жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны