03.04.2012, 12:21 3516

Интерполда іздеуде жүрген қазақстандық Алматы полициясына өзі келді

Алматы қаласы ішкі істер департаментіне үш адамның өмірін қиған жол көлік оқиғасына қатысушы Илібек Қайымсұлтанов өз еркімен келген. Бұл туралы Алматы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Изірбек мәлім етті.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Интерполда іздеуде жүрген қазақстандық Алматы полициясына өзі келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласы ішкі істер департаментіне үш адамның өмірін қиған жол көлік оқиғасына қатысушы Илібек Қайымсұлтанов өз еркімен келген. Бұл туралы Алматы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Изірбек мәлім етті.

"27 наурыз күні Алматы қаласының ішкі істер департаментіне халықаралық іздеуде жүрген азамат Илібек Қайымсұлтанов кінәсін мойындап өзі келді. Ол ІІД өзінің қорғаушысымен бірге келіп, бірден ҚР ҚПК 132 бабы бойынша қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Өйткені оған бұған дейін сот шешімімен сырттай қамауға алу бұлтартпау шарасы шығарылып қойған болатын. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалғаннан кейін, көп кешікпей тергеу изоляторына ауыстырылды", - деп түсіндірді Изірбек.

Оның мәліметтері бойынша, қазіргі сәтте жазықтыға қатысты процессуальды іс-әрекет қолданылып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Таяу уақытта іс сотқа беріледі деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны