13.01.2010, 16:56 2963

Интерполдың Қазақстандағы бюросына үлескерлердің ақшасын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарының Таиланд елінде ұсталғаны туралы ақпарат түскен жоқ - ІІМ

Интерполдың Қазақстандағы бюросына үлескерлердің ақшасын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарының Таиланд елінде ұсталғаны туралы ақпарат түскен жоқ - ІІМ

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Интерполдың Қазақстандағы бюросына үлескерлердің ақшасын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматтарының Таиланд елінде ұсталғаны туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстандағы үлескерлердің ақшасын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматтары - ағайынды Құлман және Ғазиз Уәлихановтардың Таиланд елінде ұсталғаны туралы ақпарат түскен жоқ",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, қазіргі кезде олар Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеуде. Тайландтағы Интерполдың ұлттық орталығы хабарлағандай, аталған адамдар бұл елге өткен жылы қыркүйек-қазан айларында келген. Осыған орай Интерполдың Қазақстандағы бюросы ағайынды екеуді ұстап, елге қайтару жөнінде арнайы хат жіберген еді. Бірақ әлі күнге ол азаматтарды ұстау туралы ешқандай ақпарат жоқ", - дейді Қ.Жұманов.

"Азаттық" радиосының хабарлауынша, "Азия групп" компаниясының бас директоры Ғазиз Уәлиханов пен Құлман Уәлиханов, оның орынбасары мен әкесі үлескерлерден жинап алған 9 млн доллармен іздерін жасырып кеткен.

"Азия групп" тобына төрт бірлестік қамтылған және Астанадағы "Возрождение" және "Бейбітшілік", "Құлан" және "Шымбұлақ" тұрғын үй кешендерінің құрылыс нысандарын иемденген. Олардың соңғы екеуінде тіпті құрылыс жұмыстары мүлдем басталмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны