10.07.2015, 13:30 3749

Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев қызметінен кетті

2014 жылдыӊ тамыз айында ҚР Инвестициялар және даму министрініӊ орынбасары болып тағайындалды.

Астана. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев қызметінен кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев 1966 жылы 29 қыркүйекте дүниеге келген. 1990 жылы "экономика" мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. 1993 жылы Миннесота штатыныӊ Университетін бітірді, АҚШ-тыӊ Миннеаполис қаласында Қолданбалы экономика департаментініӊ ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еӊбек жолын 1990 жылы Сыртқы істер министрлігініӊ Қолданбалы экономика департаментініӊ халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі екінші хатшысы лауазымынан бастаған. Дүниежүзілік банкініӊ ауыл шаруашылығы департаментініӊ ахуалын талдау жөніндегі ассистенті, Шығыс Еуропа, ТМД елдерініӊ кураторы болған (АҚШ, Вашингтон қ.).

2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін "Жаӊа технологиялар. Қазақстан" АҚ-ныӊ Директорлар кеӊесініӊ төрағасы болды, бас директордыӊ лауазымын атқарған. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ кеӊесшісі қызметін атқарған. 2014 жылдыӊ ақпан айынан тамыз айына дейін Қазақстан Республикасыныӊ Индустрия және жаӊа технологиялар вице-министрі болды. 2014 жылдыӊ тамыз айында ҚР Инвестициялар және даму министрініӊ орынбасары болып тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны