10.07.2014, 19:37 3046

Инвесторларға берілетін виза мерзімі 3 жылға дейін ұзартылуы мүмкін - СІМ

Бірінші вице-министр атап өткендей, визасыз тәртіптің 15 күндік мерзімі ұзартылмайды. Ол, тек азамат іскерлік және инвесторлық мақсатта келген жағдайда ұзартылуы мүмкін.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. ҚР СІМ Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан шетелдік инвесторларға виза мерзімін ұзарта алады, деп ОКҚ өткен брифингте ҚР СІМ бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.

"Тізімде бекітілген 10 мемлекеттің азаматтары елімізге 15 күн бойы визасыз келе алады және кете алады. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында оларға еліміздің барлық аймақтарын аралауға болады. Оның үстіне, бір жылда келіп кету саны шектелмеген. Бұл өте ыңғайлы. Себебі, келісім жасалған жағдайда азаматтар еш кедергісіз Қазақстанға келіп кете алады", - деді Р. Жошыбаев.

Бірінші вице-министр атап өткендей, визасыз тәртіптің 15 күндік мерзімі ұзартылмайды. Ол, тек азамат іскерлік және инвесторлық мақсатта келген жағдайда ұзартылуы мүмкін.

"Ол үшін инвестор қазақстандық серіктес тарапынан қолдаухат алып келуі тиіс. Ол болған жағдайда шетелдік кәсіпкердің визасы "іскер" санаты бойынша 30 күнге дейін ұзартылатын болады", - деп ол толықтырды.

Егер, аталған мемлекеттерден келген азаматтар инвестициялық жобаны жүзеге асыруға атсалысатын болса, онда қазақстандық серіктестер инвестициялық жобаның бизнес-жоспарымен бірге ҚР ИЖТМ Инвестиция комитетіне шетелдік азаматқа "инвестор" санатын беруіне өтініш білдіруі керек.

"Бұл жағдайда "инвестор" санаты бойынша виза 90 күнге беріледі және ол 3 жылға дейін ұзартылуы мүмкін", - деп Р.Жошыбаев сендірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны