03.11.2015, 18:20 4085

Иордания "ЭКСПО-2017" қатысатындығын растады

Иордания Астанада өтетін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады

Астана. 3 қараша. Kazakhstan Today - Иордания Астанада өтетін Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын растады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сыртқы істер министрініӊ бірінші орынбасары, "ЭКСПО-2017" Комиссары Рәпіл Жошыбаевтыӊ Монтасер аль-Оклахпен кездесуі барысында Иордания Астанадағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатындығын растады.

Бас комиссар Иорданиялық инвестициялық агенттік әрі Иорданияныӊ халықаралық ЭКСПО көрмелеріне қатысуына жауапты тұлғасы Монтасер аль-Оклах, Сыртқы істер және Иордания экспатриаттар министрлігініӊ Бас хатшысы Мохаммед Ясин, Энергетика мен минералды ресурстар Министрлігініӊ Бас хатшысы Талеб Маабра және Туризм және көнелік министрлігініӊ Бас хатшысы Ибрахим Гаммомен бірқатар кездесулер өткізді.

Басқосу барысында ұйымдастырушылық мәселелер жан-жақты талқыланып, сәйкесінше келісімшарттар парафирленді.

Сонымен қатар, Иорданияныӊ Туризм және көнелік министрлігініӊ туристік әлеуеті талқыланып, турпакеттер мен екі ел астаналары арасында тікелей қатынайтын әуе жолыныӊ ашылу мүмкіндігі қарастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны