11.02.2014, 19:12 3909

Иран азаматы Алматыдан экстрадицияланды

Бүгін Иран азаматы Х.Санандаджи Алматыдан экстрадицияланды, ол сот үкімін орындау үшін сол елдің құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген болатын, деп хабарлайды Kazakhstan today Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін Иран азаматы Х.Санандаджи Алматыдан экстрадицияланды, ол сот үкімін орындау үшін сол елдің құқық қорғау органдарының іздеуінде жүрген болатын, деп хабарлайды Kazakhstan today Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ирандық тараптың аталған тұлғаны ұстап беру туралы сұраныс хатын Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы 2012 жылғы сәуір айында жасалған ұстап беру туралы Шарт негізінде қарастырып, қанағаттандырды",- деп хабарлайды Бас прокуратура.

Экстрадицияланушы тұлға адамдар тобымен банктік несие алу мақсатында жалған құжат жасап, оны қолданғаны үшін айыпталған және оны ирандық сот сырттай соттаған.

Ұсталған тұлғаны Иран уәкілетті органдарының өкілдеріне беру Алматы қаласының әуежайында жүзеге асырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны