13.09.2019, 13:55 3829

Ішкі істер министрі БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша арнайы өкілімен кездесті

Екіжақты кездесу өзара түсіністік пен конструктивті диалог түрінде өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша арнайы өкіл Жан Тодтпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанға халықаралық тәжіріибе мен үздік әлемдік практикаларды енгізу бойынша мүмкін ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша ұлттық стратегияны әлеуетті әзірлеу және іске асыру жайы талқыланды.

Екіжақты кездесу өзара түсіністік пен конструктивті диалог түрінде өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны