Система Orphus

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

15.10.2019, 19:20 11098

Нұр-Сұлтан. 15 қазан. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.

ІІМ басшысы сапар барысында қоғамдық бақылау комиссиясы өкілдерімен бірге ГМ 172/6 аса жоғары қауіпсіздік мекемесінде болды. Бұл колонияда ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 500 сотталған жазасын өтеуде.

ІІМ басшысы сотталғандарға тұрмыстық, медициналық-санитарлық көмек көрсету жағдайын тексерді. Аталған мекемеде жазасын өтеушілердің жұмыс істеп, еңбекақы табуға мүмкіндігі бар. "Айына 20 000 мыңнан 50 000 теңгеге дейін табыс табамыз, ақшамызды туысқандарымызға жіберіп көмектесеміз. Бірқатары электрмен дәнекерлеу, келесі біреуі жиһаз, матрацтар жасайды. Жұмыс киімдерін де тігеміз. Барлық жағдай жасалған, ешқандай шағымымыз жоқ", - дейді сотталғандардың бірі.

Сотталғандар министрмен әңгіме барысында тамақтандыру сапасының жақсаруына ғана емес, сәлем-сауқаттарды өткізу көлемін 14 келіден 20 келіге дейін арттырғаны үшін және телефонмен сөйлесу уақытын 21:00-ге дейін ұзартылуына да алғыстарын білдірді.

Бұдан соң министр мекемедегі сотталғандарға жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында олар ведомство басшысына өздерінің өтініштерін айтып, сұрақтарын қойды.

Жұмыс сапары барысында ішкі істер министрі Ақтау қаласының Полиция басқармасының фронт-офисінің және "бір терезе" қағидасымен жұмыс істейтін Көші-қон қызметі орталығының жұмысымен танысты. Көші-қон қызметі орталығында шетелдіктерге ЖСН ресімдеуден бастап, азаматтық алғанға дейін еңбек ету үшін рұқсат беру бойынша толық қызмет спектрі көрсетіледі.

Орталықта полиция тарапынан халыққа ұсынылатын қызметтерді алуға болады:қаруды тіркеу және оны сақтауға рұқсат беру, күзет қызметі үшін лицензиялар, газ құрал-жабдықтарын онатуға рұқсат беру және әкімшілік айыппұл төлеу

ІІМ-нің басшысы қаланың теңіз жағалауында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін "Каспий" стационарлық полиция бекетіне барды. Ұзындығы 11 шақырым болатын құмды жағалауды патрульдеу жол талғамайтын электрокарлар мен квадроциклдердің көмегімен жүзеге асырылады.

Ерлан Тұрғымбаев полиция, ТЖ және ҚАЖ департаменттерінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізіп, 9 айдағы жұмыстың қорытындысын шығарды.

Ішкі істер органдарының бірқатар қызметкерлері адал қызметтері үшін "Ішкі істер органдарының үздігі" кеуде белгісімен, сондай-ақ грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны