01.02.2010, 15:31 3070

Ішкі істер министрі мекемені өз құзырына сәйкес келмейтін қызмет түрлерінен босату қажет деген пікірде

Ішкі істер министрі мекемені өз құзырына сәйкес келмейтін қызмет түрлерінен босату қажет деген пікірде

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтың пікірінше, ІІМ-нің құзырына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін басқа ведомстволардың қарауына беру керек. Бұл туралы бүгін ол мекеменің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-*тарға сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, медициналық айықтырғыштарды денсаулық сақтау министрінің қарауына, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және қалпына келтіру орталықтарын Білім және ғылым министрінің құзырына беру керек. "Меніңше, бұл мәселе адам құқықтары саласындағы ең алдымен халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет", деді министр.

Оның пікірінше, Ішкі істер министрлігін құзырына сәйкес келмейтін қызметтерден босатып, бұл ведомство негізінен қоғамдық тәртіп пен қылмыспен күрес шараларымен айналысуы тиіс. Мұнымен қоса С. Баймағанбетов автокөлік диагностикасын бәсекелестік ортаға беру керектігін айтты. Атап айтқанда, қазіргі кезде бұл шараларды жол полициясы атқаруда. Осы орайда, министр Ішкі істер министрлігінде тиісті сапалы диагностиканы жүргізу үшін жағдай жасалмағандығын айтты.

Министр осы орайда тәртіп сақшыларының жалақысы басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысымен салыстырғанда әлдеқайда төмен екенін атап өтті. Мәселен, егер Қарулы күштер саласының лейтенанты бүгінде әскери атағы үшін 23 мыңнан астам теңге алатын болса, полиция лейтенанты - небәрі 7 мың теңге алады. Тәртіп сақшыларның айлық жалақысы да біршама төмен. Мәселен, аудандық полиция бөлімшесіндегі оперативтік уәкіл 30 мың теңгеге жуық жалақы алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны