09.12.2008, 15:12 1593

Ішкі істер министрі жүргізуші куәліктеріне қосымша талондарды енгізу мерзімін ұзартуға шешім қабылдады

Ішкі істер министрі жүргізуші куәліктеріне қосымша талондарды енгізу мерзімін ұзартуға шешім қабылдады

Астана. 9 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрі жүргізуші куәліктері жөніндегі жобаны іске асыру бойынша орын алған жағдайды зерделеп, талондарды енгізу мерзімін ұзартуға шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Талонды алу мерзімі 2009 жылдың 6 ай мерзімі шамасында ұзартылады. Сондықтан, қазақстандық жүргізушілерге қазіргі уақытта талондарды алудың аса қажеттігі жоқ. Және біз жүргізушілерге талонды сатып алмауын сұраймыз. Себебі, барлық жүргізушілер аталған талонды тегін ала алады. Ол үшін уақыт та жеткілікті және мүмкіндіктер де бар. Осы мәселе туралы толық ақпаратты Жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімов береді",- деді Б.Қожахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны