19.05.2009, 12:53 1229

Ішкі істер министрлігі есірткіге қарсы жаңа бағдарламаны енгізу тиімді болады деп болжайды

Ішкі істер министрлігі есірткіге қарсы жаңа бағдарламаны енгізу тиімді болады деп болжайды

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігі есірткіге қарсы жаңа бағдарламаны енгізу тиімді болады деп болжайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Оңтүстік шекараны нығайту және құқық қорғау органдарымен ықпалдастық біздің болжауымызша, заңсыз айналымнан алынатын есірткі көлемін 15 - 20%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді С. Баймағанбетов. Оның айтуынша, ІІМ жыл сайын өткен мерзіммен салыстырғанда апиын тектес есірткіні 30 - 50%-ға артық көлемде тәркілеуде.

"Біздің болжауымызша, жыл сайын анықталған есірткі контрабандасы деректерінің өсімі 20 - 25% құрайды", - деді министр.

Бұған қоса, ІІМ болжауынша, жыл сайын есірткіге тәуелділікке балаларды, жасөспірімдер мен жастарды тарту көлемін төмендету деңгейі 5 - 10% өседі.

"Ұсынылып отырған шаралар емдеу және сауықтыру сапасын көтеруге мүмкіндік береді, есірткіге тәуелді тұлғаларды емдеу көлемі ұлғая түседі. Тұрақты реэмиссиядағы апиын текті есірткіге тәуелділердің саны жыл сайын 15%-ға өседі", - деді С. Баймағанбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны