20.04.2007, 18:56 2802

Ішкі істер министрлігі парламенттен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді кері қайтарып алды

қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді кері қайтарып алды. Бұл туралы бүгін сенат депутаттарымен кездесу барысында ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ИОл (заң жобасы - Kazakhstan Today ескерт.) талас тудырғандықтан, біз оны кері қайтарып алып, пысықтауға шешім қабылдадықИ,- деді Б. Мұхамеджанов.

Бұрын хабарлағанымыздай, ИҚоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралыИ заң жобасының нормалары жиын, митингтер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды жүргізу тәртібі ұйымдастырушылар мен қатысушылар тарапынан бұзылған жағдайда, сонымен қатар олар жергілікті атқару органдары өкілдерінің заңды талаптарын орындамаған жағдайда аталмыш іс-шараларды тоқтату үшін арнайы құралдарды қолдануға рұқсат беруді қарастырады.

Сондай-ақ, заңнама нормалары митингтер, шерулер, демонстрациялар мен басқа да қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларға қолданыстағы заңды бұзғаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейтуді қарастырған. Заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылықтар түрінің тізімі нақтыланған, аталмыш заң бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік қамауға алу қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны