14.09.2009, 11:36 1475

Ішкі істер министрлігі Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрттің қасақана жіберілуі мүмкіндігін әзірге жоққа шығармайды

Ішкі істер министрлігі Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрттің қасақана жіберілуі мүмкіндігін әзірге жоққа шығармайды

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ішкі істер министрлігі Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрттің қасақана жіберілуі мүмкіндігін әзірге жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР ішкі істер министрі Серік Баймағамбетов мәлімдеді , деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Үкіметтік комиссияға тергеу комитетінің төрағасы енді. Ол қазір Талдықорғанда жүр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, істі ІІМ тергеу комитеті жүргізуде, сараптама тағайындалды", - деді С. Баймағанбетов.

Оның айтуынша, "бұдан кейінгі тергеу қадамдары сараптаманың қорытындысы бойынша анықталады". "Изірге алдын-ала екі түрлі жорамал жасалуда: бұл не сыртқы факторға байланысты, яғни, әлдекім темекі шеккен немесе өрт ошағы болған, немесе ол тоққа байланысты болуы мүмкін. Бұл жорамалдар қазір тексеріліп жатыр. Қасақана өрт жіберу жөніндегі жорамал да жоққа шығарылмайды", - деді министр.

Еске сала кетейік, 13 қыркүйекте Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде шыққан өрттен 37 адам қаза болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны